Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 16.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2024 199816_716562.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NFA0004B
- ЭКБ идентификаторы
- 199816
- Редакция идентификаторы
- 199816_716562
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:02
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, «Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 84, № 85 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде ШЕШТІМ:
1 1. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан Амангелді ауданы, Байғабыл ауылдық округі, Байғабыл ауылы аумағында орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Амангелді ауданы, Байғабыл ауылдық округі, Байғабыл ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді (сумен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0004 гектар;
Амангелді ауданы, Байғабыл ауылдық округі, Байғабыл ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (кәріз) салу үшін жалпы алаңы 0,0004 гектар.