Об утверждении Требований к сумме потребительского банковского займа и потребительского микрокредита
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Требований к сумме потребительского банковского займа и потребительского микрокредита
- Атауы (қаз.)
- Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 16.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2024 199829_749970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034942
- ЭКБ идентификаторы
- 199829
- Редакция идентификаторы
- 199829_749970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:03
0 Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 5-4-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігі Басқармасының
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 61 қаулысымен
бекітілген
Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптар
1
1. Осы Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 5-4-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін тұтынушылық банктік қарыздың және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін тұтынушылық микрокредиттің сомасына қойылатын талаптарды айқындайды.
2 2. Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін тұтынушылық банктік қарыздың сомасы мынадай талаптарға сәйкес келеді:
кепілсіз банктік қарыз бойынша – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі мың екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыз бойынша – шектеусіз;
3 3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін тұтынушылық микрокредиттің сомасы мынадай талаптарға сәйкес келеді:
кепілсіз микрокредит бойынша - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір мың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша – «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-1-тармағында белгіленген сомалар шегінде.