Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 19.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2024 199837_716574.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NF00008B
- ЭКБ идентификаторы
- 199837
- Редакция идентификаторы
- 199837_716574
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:02
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, «Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 89, № 90, № 91 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде ШЕШТІМ:
1 1. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылы аумағында орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді (сумен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0040 гектар;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (кәріз) салу үшін жалпы алаңы 0,0072 гектар;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (электрмен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0247 гектар.