Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Иртышского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Иртышского района»
- Атауы (қаз.)
- «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 165/7
- Қабылданған күні
- 15.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2025 199841_750790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24PG01657A
- ЭКБ идентификаторы
- 199841
- Редакция идентификаторы
- 199841_750790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:05
0 «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
2 2. «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3 3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы «Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 49/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №310/5 қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.М. Жүсіповке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ертіс ауданы
әкімдігінің 2025 жылғы
«15» тамыздағы № 165/7
қаулысымен бекітілген
«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Ертіс ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Бөлімнің құрылтайшысы мемлекет атынан Ертіс ауданы әкімдігі болып табылады.
3 3. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері болуы және басқару органы ретінде әрекет етуі мүмкін.
Ведомствосы бар:
1 1) Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4
4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5
5. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (олар болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6 6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7 7. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8 8. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9 9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10 10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, индексі 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97.
11 11. Бөлімнің толық атауы – «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
12 12. Бөлімнің жұмыс уақыты келесі тәртіппен белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін демалыс және тамақтану үзілісі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі.
13 13. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
14 14. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасы) жүзеге асырылады.
15 15. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
16 16. Міндеттері мен өкілеттіктері:
1 1) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2 2) халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтумен жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
3 3) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
4 4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
5 5) мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6 6) қызметтерді көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
7 7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру.
3 3. Өкілеттіктер:
Құқықтары:
8 8) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
9 9) қызмет саласының негізгі бағыттары бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
10 10) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
11 11) қызмет мәселелері бойынша семинарлар, консультациялар, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
12 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
13 13) мекеме әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оларды жарамсыз деп тану жөніндегі уақтылы шаралар қабылдау;
14
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдер қабылдау, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
15 15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
17.Функциялары: