Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах ввоза пшеницы на территорию Республики Казахстан

Бұйрық · № 278 · қабылданған 19.08.2024
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-199876/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О некоторых вопросах ввоза пшеницы на территорию Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 278 ·19.08.2024
31.12.2024 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах ввоза пшеницы на территорию Республики Казахстан

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 278 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах ввоза пшеницы на территорию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
278
Қабылданған күні
19.08.2024
Көрсетілген редакция
31.12.2024 199876_736452.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034956
ЭКБ идентификаторы
199876
Редакция идентификаторы
199876_736452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:02

0 Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің

кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3

3. «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34251 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы