Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Республики Казахстан и отдельных структурных элементов нормативных правовых актов Республики Казахстан

Қаулы · № 64 · қабылданған 19.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-199877/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Республики Казахстан и отдельных структурных элементов нормативных правовых актов Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 64 ·19.08.2024
19.08.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Республики Казахстан и отдельных структурных элементов нормативных правовых актов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 64 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Республики Казахстан и отдельных структурных элементов нормативных правовых актов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
19.08.2024
Көрсетілген редакция
19.08.2024 199877_715908.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034958
ЭКБ идентификаторы
199877
Редакция идентификаторы
199877_715908
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:02

0 Қазақстан Республикасы кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 19 тамыздағы
№ 64
Қаулыға қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

1 1. «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8306 болып тіркелген).

2 2. «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19715 болып тіркелген).

3

3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19816 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

4

4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22367 болып тіркелген).

5

5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 7 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26922 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

6

6. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31096 болып тіркелген) бекітілген микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

7

7. «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32632 болып тіркелген).

Қолданыстағы