Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения
- Атауы (қаз.)
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 16.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2026 199879_820108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034960
- ЭКБ идентификаторы
- 199879
- Редакция идентификаторы
- 199879_820108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:04
0 «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 7-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:
екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздары бойынша 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46 (қырық алты) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде беретін микрокредиттер бойынша күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан аз, бірақ 179 (бір жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайтын мөлшерде болып айқындалсын.
Микрокредиттер «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19697 болып тіркелген) көзделген талаптарға сәйкес келген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген мөлшерлемемен беріледі.
Банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу, банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) банктік қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгерту немесе енгізу күнгі жағдай бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.