Об определении количества обязательных теле-, радиоканалов в зависимости от распространения в многоканальном вещании
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении количества обязательных теле-, радиоканалов в зависимости от распространения в многоканальном вещании
- Атауы (қаз.)
- Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 348-НҚ
- Қабылданған күні
- 12.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2024 199884_716257.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034957
- ЭКБ идентификаторы
- 199884
- Редакция идентификаторы
- 199884_716257
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:07
0 Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай
міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. 17 (он жеті) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарна айқындалсын.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14102 болып тіркелген);
2
2) «Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 204-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32544 болып тіркелген).
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.