О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 20.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2024 199918_716215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24V0906016
- ЭКБ идентификаторы
- 199918
- Редакция идентификаторы
- 199918_716215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:01
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Казақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 205 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1 1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2526 болып тіркелген).
2
2. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4911 болып тіркелген).
3
3. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 болып тіркелген).
4
4. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8864-16 болып тіркелген).