Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 1401 · қабылданған 14.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-199926/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 1401 ·14.08.2024
14.08.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 1401 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1401
Қабылданған күні
14.08.2024
Көрсетілген редакция
14.08.2024 199926_717261.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA01401A
ЭКБ идентификаторы
199926
Редакция идентификаторы
199926_717261
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:06

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 336, № 337, № 338, № 339, № 340, № 341, № 342, № 343 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2024 жылғы 14 тамыздағы
№ 1401 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1 1. Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 96, жалпы алаңы 0,0320 гектар, «Пролетарская көшесі, 96 бойынша су құбыры» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

2 2. Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 108/1, жалпы алаңы 0,3327 гектар, «Маяковский көшесі, 108/1 бойынша 59 пәтер тұрғын үйге сыртқы су құбыры» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

3 3. Қостанай қаласы, Жылыжай комбинаты, жалпы алаңы 3,6509 гектар, «Жылыжай комбинатының тұрғын үйлеріне су құбырының сыртқы желілері» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

4 4. Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесімен 19 август көшесіне дейін Уәлиханов көшесі, жалпы алаңы 0,8680 гектар, «Баймағамбетов көшесімен 19 август көшесіне дейін Уәлиханов көшесінің су құбыры» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

5 5. Қостанай қаласы, Северная көшесі, 18 а, жалпы алаңы 0,5406 гектар, «Северная көшесі, 18 а бойынша сыртқы канализация» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

6 6. Қостанай қаласы, Сибирская көшесінен Таран көшесіне дейін Баймағамбетов көшесі, жалпы алаңы 5,4447 гектар, «Сибирская көшесінен Таран көшесіне дейін Баймағамбетов көшесінің суағары» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

7 7. Қостанай қаласы, Чкалов көшесі Автовокзалға дейін, жалпы алаңы 1,3561 гектар, «Чкалов көшесінен Автовокзалға дейінгі магистральдық су құбыры желілері» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;

8 8. Қостанай қаласы, жылу электр орталығына дейін Гоголь көшесі, жалпы алаңы 1,2711 гектар, «жылу электр орталығына дейін Гоголь көшесі бойынша су құбыры» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін.

Қолданыстағы