Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил включения собственников или владельцев продукта данных в реестр поставщиков продуктов данных

Бұйрық · № 25 · қабылданған 20.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-199928/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил включения собственников или владельцев продукта данных в реестр поставщиков продуктов данных Қолданыста Бұйрық ·№ 25 ·20.08.2024
20.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил включения собственников или владельцев продукта данных в реестр поставщиков продуктов данных

Қолданыста Бұйрық ·№ 25 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил включения собственников или владельцев продукта данных в реестр поставщиков продуктов данных
Атауы (қаз.)
Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25
Қабылданған күні
20.08.2024
Көрсетілген редакция
20.08.2024 199928_716816.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034965
ЭКБ идентификаторы
199928
Редакция идентификаторы
199928_716816
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:01

0 Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
басшысының
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 25
Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары

1

1. Осы Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және деректер өнімдерін берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Деректер өнімдерін берушілер тізіліміне деректер өнімдерінің меншік иелері немесе иеленушілері кіреді.

3 3. Деректер өнімдерін берушілер тізілімін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде қалыптастырады.

4 4. Тараптардың жасасқан әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға өтеусіз негізде ұсыну туралы келісімі деректер өнімдерін берушілердің тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.

5 5. Деректер өнімдерін берушілер тізілімін жүргізу мыналарды қамтиды:

1 1) деректер өнімінің меншік иелері немесе иеленушілері туралы мәліметтерді қосу;

2 2) деректер өнімдерін берушілер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту);

3 3) деректер өнімдерінің сипаттамалары туралы мәлімет.

6 6. Деректер өнімдерін берушілер тізіліміндегі мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі орын алған жағдайда жүзеге асырылады:

1 1) Тараптардың бұрын жасасқан әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға өтеусіз негізде ұсыну туралы келісіміне қосымша келісім жасасу (бұдан әрі - келісім);

2 2) бұрын жасалған келісімнің қолданылуын тоқтату;

3 3) деректер өнімдерін берушілер тізілімінің атрибуттарын өзгерту (деректер өнімінің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің атауы, келісім нөмірі және күні, деректер өнімдерінің атауы, деректер өнімдерін өндіру уақыты мен кезеңділігі, деректер өнімдерін пайдалану нысаны).

7

7. Деректер өнімдерін берушілер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту) тараптардың әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға өтеусіз негізде ұсыну туралы келісім жасалған (өзгертілген) күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

8 8. Деректер өнімдерін берушілер тізілімі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.

1.1 Деректер өнімдерін берушілер тізілімі

Деректер өнімінің меншік
иелерін немесе иеленушілерін
деректер өнімдерін берушілер
тізіліміне енгізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Деректер өнімдерін берушілер тізілімі
р/т

Де­ректер өні­мі­нің мен­шік ие­сі­нің неме­се ие­ле­ну­ші­сі­нің ата­уы
Ке­лі­сім нө­мі­рі және кү­ні
Де­ректер өнім­де­рі­нің ата­уы
Де­ректер өнім­де­рін өн­ді­ру уа­қы­ты мен ке­зең­ді­лі­гі
Де­ректер өнім­де­рін пай­да­ла­ну ны­са­ны
1
2
3
4
5
6
1.
2.
3.
4.
5.

Қолданыстағы