Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Актау

Қаулы · № 11-07-2042 · қабылданған 14.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-199943/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Актау Қолданыста Қаулы ·№ 11-07-2042 ·14.08.2024
14.08.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Актау

Қолданыста Қаулы ·№ 11-07-2042 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Актау
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-07-2042
Қабылданған күні
14.08.2024
Көрсетілген редакция
14.08.2024 199943_716265.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24MA472612
ЭКБ идентификаторы
199943
Редакция идентификаторы
199943_716265
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:06

0 Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық

іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы
бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Ақтау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 14 тамыздағы
№ 11-07-2042 қаулысына
қосымша
Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық
іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы
бөлінген орындардың тізбесі
Ақтау қаласы
1.
1 шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақтау қалалық теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
2.
4 шағын аудан, Ақтау қаласы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
3.
5 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
4.
8 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
5.
17 шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
6.
19а шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
7.
33 шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақтау қалалық Маңғыстау-Арена балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
8.
34 шағын аудан, «Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы ғимаратының алдында

Қолданыстағы