Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области социального обеспечения, в том числе обязательного социального страхования в части своевременного и правильного назначения социальных выплат, своевременного и полного перечисления получателю социальных выплат Государственной корпорацией Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 23 тамыздағы № 68 мен 2024 жылғы 20 тамыздағы № 322 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының үшінші абзацына және 258-бабы 3-тармағының екінші абзацына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 91-бабының 4-тармағына және 92-бабының 1-тармағына, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел (бұдан әрі – тәуекел) – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) филиалдарының тексеру субъектісінің қызметі нәтижесінде әлеуметтік төлемге жүгінген адамдардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
Тармақша 2
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 3
3) бақылау субъектілері – Қордың әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын филиалдары;
Тармақша 4
4) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
Тармақша 5
5) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
Тармақша 6
6) елеулі бұзушылықтар – әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды: әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту), қайта бастау, тоқтата тұру және тоқтату үшін қосымша құжаттар ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар ету мерзімдерін; әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту), қайта қарау туралы сот шешімін орындау тәртібін; әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін бұзу;
Тармақша 7
7) өрескел бұзушылық – әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды: әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе бас тарту заңдылығын бұзу;
Тармақша 8
8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
Тармақша 9
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 10
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 11
11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
Тармақша 12
12) тексеру парағы – әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін сақтауға қойылатын талаптардың тізбесі.
Тарау 2. 2-тарау. Бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді. Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Объективті өлшемшарттар
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 5
5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қызметтерін ұсынатын Қордың филиалдары жатады.
Тармақ 2. 2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 7
7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
Тармақ 8
8. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
Тармақша 2
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барудың алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
Тармақ 9
9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.
Тармақша 1
1) Талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Тармақша 2
2) Жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты кезекті мемлекеттік бақылау кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) мыналар жатады:
Тармақша 1
1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 71-ден 100 балға дейін қоса алғанда, тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде.
Тармақша 2
2) Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес, мемлекеттік бақылаудың тиісті саласының ерекшелігі ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
Тармақша 3
3) Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін тәуекелді бағалаудағы көрсеткіштің маңыздылығына байланысты айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, цифрлық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
3-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, цифрлық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
Тармақ 11
11. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
Тармақ 12
12. Осы Өлшемшарттардың 3, 4-тармақтарына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) (SP) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша және осы Өлшемшарттарыдың 10-тармағына (SC) сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау 71-ден 100 балға дейінгі диапазонда берілген мәндерді кейін қалыпқа келтіру жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады. Rарал = SP + SC, мұндағы Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші, SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші, SC – осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші. Есептеу мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылаудың әрбір субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
Тармақ 13
13. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 71-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады. Осы Өлшемшарттардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады. Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы: SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны; SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады. Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы: SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші; SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны; SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны. Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады: SР = SРз + SРн, мұндағы: SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші; SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші. Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 14
14. Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші, wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi n – көрсеткіштер саны. Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 15
15. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады: R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды), Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкіл бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы), Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкіл бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы), Rарал – осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Тарау 4. 4-тарау. Тексеру парақтары
4-тарау. Тексеру парақтары
Тармақ 16
16. Тексеру парағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Тексеру парақтары осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Басқа 1.1. Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі
Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарға 1-қосымша Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі № Өл­шем­шар­ттар­дың ата­уы Бұ­зу­шы­лық­тар дә­ре­же­сі Әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру, оның ішін­де әле­умет­тік тө­лем­дер­дің уақ­ты­лы және дұ­рыс та­ғай­ын­да­луы, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның алушы­ға әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руы бө­лі­гін­де мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру 1 Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап Өрес­кел 2 Жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап ал­ған жұ­мыс­кер­лер­ге ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап Өрес­кел 3 Ба­ла бір жа­рым жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Өрес­кел 4 Ба­ла (ба­ла­лар) бір жа­рым жас­қа толған кез­де оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты бе­рі­ле­тін әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Өрес­кел 5 Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Өрес­кел 6 Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Өрес­кел 7 Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Өрес­кел 8 Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Өрес­кел 9 Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Өрес­кел 10 Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Өрес­кел 11 Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­де зей­не­та­қы­лар мен жәр­де­ма­қы­лар тө­леу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да­ғы банк­тік шот­тар­ға есеп­ке жат­қы­зу жо­лы­мен алушы­ға зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руын сақ­тау Өрес­кел 12 «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­де­гі зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алушы­лар бой­ын­ша бір­дей мә­лі­мет­тер­дің «Е-ма­кет» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­сіне сәй­кес ке­луі Өрес­кел
Басқа 1.2. Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі
Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарға 2-қосымша Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі Р/с№ Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат де­реккө­зі Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­да 100 бал­дан ас­па­у­ға ти­іс), wi Шар­ттар/мән­дер, xi 1-шарт/мән 2-шарт/мән 1 2 3 4 5 6 Қор фи­ли­ал­да­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­стар­да­ғы тәу­е­кел дә­ре­же­сін ай­қын­да­удың субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­тта­ры­ның тіз­бе­сі Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін 1 Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 90 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 2 Жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап ал­ған қыз­мет­кер­лер­ге ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 3 Ба­ла бір жа­рым жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 90 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 4 Ба­ла (ба­ла­лар) бір жа­рым жас­қа толған кез­де оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты бе­рі­ле­тін әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 5 Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 90 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 6 Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 7 Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 90 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау/ 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 8 Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 9 Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 10 Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0% Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100% 11 Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­де зей­не­та­қы­лар мен жәр­де­ма­қы­лар тө­леу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да­ғы банк­тік шот­тар­ға есеп­ке жат­қы­зу жо­лы­мен алушы­ға зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руын сақ­тау Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы тө­леу / 0% Уа­қы­ты­мен тө­ле­меу/100% 12 «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­де­гі зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алушы­лар бой­ын­ша бір­дей мә­лі­мет­тер­дің «Е-ма­кет» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­сіне сәй­кес ке­луі Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі 80 Уақ­ты­лы тө­леу / 0% Уа­қы­ты­мен тө­ле­меу/100%
Басқа 2. Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 23 тамыздағы № 68 мен 2024 жылғы 20 тамыздағы № 322 бірлескен бұйрыққа 2-қосымша Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексеру парағы Мемлекеттік корпорация және Қор филиалдарына қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________________________________ Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _________________________________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________ № Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді 1 Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап 2 Жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап ал­ған қыз­мет­кер­лер­ге ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап 3 Ба­ла бір жа­рым жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру 4 Ба­ла (ба­ла­лар) бір жа­рым жас­қа толған кез­де оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты бе­рі­ле­тін әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту 5 Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру 6 Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту 7 Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру 8 Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту 9 Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру 10 Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту 11 Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­де зей­не­та­қы­лар мен жәр­де­ма­қы­лар тө­леу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да­ғы банк­тік шот­тар­ға есеп­ке жат­қы­зу жо­лы­мен алушы­ға зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руын сақ­тау 12 «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­де­гі зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алушы­лар бой­ын­ша бір­дей мә­лі­мет­тер­дің «Е-ма­кет» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­сіне сәй­кес ке­луі Лауазымды адам (-дар) _________________ _____________ лауазымы қолы _________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы ________________________________________ _______________________ лауазымы қолы _________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)