Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 66 · қабылданған 23.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200018/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 66 ·23.08.2024
23.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 66 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
66
Қабылданған күні
23.08.2024
Көрсетілген редакция
23.08.2024 200018_717127.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034977
ЭКБ идентификаторы
200018
Редакция идентификаторы
200018_717127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:58

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 тамыздағы
№ 66 бұйрығына қосымша/
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5628 болып тіркелген).

2

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 772 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12997 болып тіркелген).

3

3. «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29852 болып тіркелген).

Қолданыстағы