Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1465
- Қабылданған күні
- 21.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2024 200047_717573.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NA01465A
- ЭКБ идентификаторы
- 200047
- Редакция идентификаторы
- 200047_717573
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:00
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 353, № 354, № 355, № 356, № 357, № 358, № 359 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Әкімдіктің
2024 жылғы 21 тамыздағы
№ 1465 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1
1. Қостанай қаласы, Баймағамбетов-Абай (Баймағамбетов-Жамбыл) көшелерінің шекараларында Хакімжанова көшесі, жалпы алаңы 0,9059 гектар, «Баймағамбетов-Абай (Баймағамбетов-Жамбыл) көшелерінің шекараларында Хакімжанова көшесі бойынша су құбыры, ұзындығы 891 қ/м» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
2 2. Қостанай қаласы, Лиза Чайкина-Қайырбеков көшелерінің шекараларында Курганская көшесі, жалпы алаңы 0,9960 гектар, «Лиза Чайкина-Қайырбеков көшелерінің шекараларында Курганская көшесі бойынша канализация, ұзындығы 980 қ/м» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
3
3. Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі-Абай даңғылының (Гоголь, 61) шекараларында Гоголь көшесі, жалпы алаңы 0,1212 гектар, «Баймағамбетов көшесі-Абай даңғылының (Гоголь, 61) шекараларында Гоголь көшесі бойынша өздігінен ағатын коллектор, ұзындығы 125,35 қ/м» объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;