Об утверждении Инструкции по организации подготовки и издания учебной литературы для организаций образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по организации подготовки и издания учебной литературы для организаций образования
- Атауы (қаз.)
- Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерін дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 454
- Қабылданған күні
- 23.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2008 AI20006_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002883_
- ЭКБ идентификаторы
- 20006
- Редакция идентификаторы
- AI20006_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:06
0 Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерін дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Барлық деңгейдегi бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерiн әзiрлеу, басып шығару және кейiннен оларды қолдану процестерiн үйлестiру мақсатында бұйырамын:
1 1. Қоса берiлiп отырған бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерiн дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
2 2. Орта бiлiм департаментi (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3 3. Осы бұйрық тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсiн.
0 Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
"Білім беру ұйымдары үшін оқу
әдебиеттерін дайындау мен басып
шығаруды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 24 мамырдағы
N 454 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін, оның ішінде электронды оқулықтарды дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес әзірленген және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу, басып шығару процесін үйлестіруге бағытталған.
2 2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
оқулық - оқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде ресми бекітілген оқытуға арналған кітап
оқу-әдістемелік кешен - оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын және оқу бағдарламаларымен көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және үздік меңгеруге арналған оқу құралы (хрестоматиялар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, тест материалдары, сөздіктер, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиет және басқалар);
оқу әдебиеті - оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен жиынтығы;
оқу әдебиеттерінің макеті - оқу әдебиеттерінің алдын ала жасалған макеті;
оқу әдебиетінің мониторингі - білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерін пайдалану туралы ақпараттарды өңдеуді, жинауды ұйымдастыру нысаны;
оқу әдебиеттерін әзірлеуші - оқу әдебиеттерін әзірлейтін жеке немесе заңды тұлға.