Қолданыстағы ред. 02.04.2004 (Редакция 20010_315260.kaz)

Облыстық үйлестіру комиссиясын құру туралы от 02.04.2004 г. № 825 (Облыстық үйлестіру комиссиясын құру туралы)

0

Облыстық үйлестіру комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 25 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңының 24 бабының 5 тармағын басшылыққа алып және сайлаушылардың есебін, тізімдерін салыстырып тексерудегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен тексерудегі жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру комиссиясы құрылсын және оның құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен тексеруді жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру комиссиясы туралы ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Қызылорда қаласы мен аудандарының әкімдері осыған ұқсас комиссиялар құрып, сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен тексеру бойынша жұмысты ұйымдастырсын және сайлаушылардың нақтыланған тізімін ай сайынғы 10-күніне дейін облыс әкімі аппаратына берсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Жарқынбаевқа жүктелсін.

5

Сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен
тексеруді жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру
комиссиясының құрамы
Ерімбетов Н.К. - облыс әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Жарқынбаев Е.З.- облыс әкімі аппаратының басшысы,
комиссия төрағасының орынбасары
Сырлыбаева А.М.- облыс әкімі аппаратының
ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы,
комиссия хатшысы
Бимағамбетов А.- облыс әкімі аппаратының жаңа ақпараттық
технологияларды дамыту бөлімінің меңгерушісі
Жайсанбаев Қ. - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі
Әбенов М. - облыстық ішкі саясат департаментінің
директоры
Ким Л.А. - облыстық статистика басқармасы бастығының
орынбасары
Ысќаќов Б.Д. - облыстық әскери комиссарының орынбасары
Бакишева И.Ж. - облыстық әділет департаменті бастығының
орынбасары
Мадиров М.З. - пәтер иелері кооперативтерінің Ақ жол
ассоциациясының төрағасы
Раймбеков Б.Т. - облыстық ішкі істер басқармасы, көші-қон
полиция басқармасының бастығы
Сатыбалдиев Р. - облыстық денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары
Наурызбаев Қ - облыстық сайлау комиссиясының хатшысы
Жұмабаев А.Д. - облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының
орынбасары
Жәукебаева Б. - халықтың көші-қон және демография
басқармасының бастығы
Махамбетов С. - үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының
төрағасы

6

Сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен
тексерудегі жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру
комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

7

Жалпы ережелер

1

1. Осы ереже сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен тексерудегі жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру комиссиясының құқықтық статусын, міндеттерін және ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

2

2. Үйлестіру комиссиясы - ол облыстың шеңберінде сайлаушылардың тізімін жасау, оның есебін жүргізу мен тексеруді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды реттеу, бақылау және үйлестіру үшін, осы жұмыстардың тиімділігін арттырудың басым бағыттарын анықтау, осы мәселелер жөнінде облыс әкіміне дайындалған ұсыныстарды қарап, сараптау мақсатында ұйымдастырылған консультативтік-кеңесу органы.

3

3. Комиссияны облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқару органдарының аумақтық басқармалары мен комитеттерінің басшыларынан, лауазымды қызметкерлер мен заңгерлерден құрады.

4

4. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа нормативті-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

5

5. Комиссияның шешімдері ұсыным сипатында болады.
Міндеттері мен мақсаттары

6

6. Үйлестіру комиссиясының негізгі мақсаттары болып:
- сайлаушылар тізімін жасақтауға байланысты мәселелерді тиімді шешу мақсатында бірлесіп әрекет етуді қамтамасыз ету, ақпаратпен алмасу, өзара кеңесу;
- сайлаушылар тізімін жасау бойынша жұмыстарды жетілдіруді көздейтін және жаңа тізімді нақтылау бойынша жаңа әдістер ендіру, мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар шығару табылады;
- орталық мемлекеттік органдар мен атқарушы органдардың жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету;
- жергілікті атқарушы органдардың сайлау туралы заңның сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу
бөлігіндегі талаптарын уақытылы әрі сапалы орындаудағы жауапкершілігін арттыру.

7

7. Комиссия мүшелері өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіпте және өзінің қызмет бабы шегінде:
- аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерінің көші-қон полициясының өздеріне қарасты әкімшілік-аумақтық бірліктердегі тұрғындардың есебінің жасалып, ай сайын келгендер мен кеткендер жөніндегі мәліметтерді аудан әкімінің аппаратына әр айдың 5-нен кешіктірмей беріп тұруын;
- облыстық әділет департаментінің АХАЖ бөлімдерінің өздеріне қарасты аумақтарда жасы 18-ге толған азаматтар және қайтыс болғандар жайлы мәліметтерді аудан, қала әкімінің аппаратына әр айдың 5-нен кешіктірмей беріп тұрсын;
- облыстық әскери комиссариат және оның аудандық және Қызылорда қалалық бөлімдерінің жасы 18-ге толған азаматтардың ішінде әскери қызметке шақырылғандары жайлы мәліметтерді тиісті аудан, қала әкімі аппараттарына әскери қызметке шақыру мерзімінде әрбір 10 күн сайын беріп тұруын;
- облыстық, аудандық, Қызылорда қалалық статистика мекемелерінің жасы 18-ге толған азаматтардың есебі жайлы әр айдың 5-нен кешіктірмей аудан, қала әкімінің аппаратына мәлімет беріп тұруын;
- облыстық, аудандық және Қызылорда қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің жасы 18-ге толған азаматтардың қайтыс болғандары, әрекет қабілетсіз деп танылғандар жайлы мәліметті уақытылы аудан, қала әкімі аппараттарына хабарлап тұруын;
- пәтер иелері кооперативтерінің біріккен қауымдастығының жасы 18-ге толған азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша өзгерістері жайлы аудан, қала әкімі аппаратына уақытылы мәлімет беріп тұруын қамтамасыз етеді.