Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области развития приграничных территорий «Сведения о количестве созданных рабочих мест в приграничных районах»

Бұйрық · № 69 · қабылданған 27.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200109/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области развития приграничных территорий «Сведения о количестве созданных рабочих мест в приграничных районах» Қолданыста Бұйрық ·№ 69 ·27.08.2024
27.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области развития приграничных территорий «Сведения о количестве созданных рабочих мест в приграничных районах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 69 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области развития приграничных территорий «Сведения о количестве созданных рабочих мест в приграничных районах»
Атауы (қаз.)
«Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты шекара маңындағы аумақтарды дамыту саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69
Қабылданған күні
27.08.2024
Көрсетілген редакция
27.08.2024 200109_749976.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034988
ЭКБ идентификаторы
200109
Редакция идентификаторы
200109_749976
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:56

0 «Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты шекара маңындағы аумақтарды дамыту саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты шекара маңындағы аумақтарды дамыту саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 тамыздағы
№ 69 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Шекара маңындағы аудандарда құрылған
жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне.
Әкімшілік деректердің нысаны орналастырылған интернет-ресурс: www.gov.kz/memleket/entities.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының (бұдан әрі – ШМАЖО) саны туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысанның қысқа әріптік-цифрлық атауы): ШМАЖО-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 20__ жыл.
Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: шекара маңындағы ауылдық елді мекеннің әкімі шекара маңындағы ауданның (шағын қаланың, моноқаланың) әкімдігіне, шекара маңындағы ауданның (шағын қаланың, моноқаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін.
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші бой­ын­ша код (бұ­дан әрі – ӘА­ОЖ)
Ше­ка­ра ма­ңын­да­ғы аудан­ның (ша­ғын қа­ла­ның, мо­но­қа­ла­ның) ата­уы
Ше­ка­ра ма­ңын
да­ғы ауыл
дық ел­ді ме­кен
нің ата­уы
Мәр­те­бе­сі (ті­рек/спут
ник/стра­те­ги­я­лық)
Ха­лық са­ны, адам
Құ­рыл
ған тұ­рақ­ты жұ­мы­со­рын­да­ры, бір­лік
оның ішін­де
са­ла ата­уы
орын­дар са­ны, бір­лік
1
2
3
4
5
6
7
8
Атауы
______________________
______________________________
Мекенжайы
____________________________
___________________________________
Телефондары____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы
___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Ескертпе: «Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты шекара маңындағы аумақтарды дамыту саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

1 «Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты шекара маңындағы аумақтарды дамыту саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

«Шекара маңындағы аудандарда
құрылған жұмыс орындарының саны
туралы мәліметтер» атты шекара
маңындағы аумақтарды дамыту
саласындағы әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты шекара маңындағы аумақтарды дамыту саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1 1. Осы түсіндірме «Шекара маңындағы аудандарда құрылған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер» атты әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанға жауапты лауазымды адам, оның басшысы қол қояды және мөрмен расталады.

3 3. Нысанды облыстық әкімдіктер Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін ұсынады.

4 4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

5 5. Нысан есепті кезеңде жұмыс орындары құрылған шекара маңындағы аумақтардың әрбір ауылдық елді мекені (бұдан әрі – АЕМ) бойынша мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда – ӘАОЖ сәйкес әрбір АЕМ коды көрсетіледі;
2-3-бағандарда – ӘАОЖ сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтің, ауылдың немесе кенттің, АЕМ-нің толық атауы көрсетіледі;
4-5-бағандарда – елді мекеннің мәртебесі және халық саны көрсетіледі;
6-7-8-бағандарда – нақты салаларда құрылған орындар санын көрсете отырып, есепті жылы құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

Қолданыстағы