Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организаций образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организаций образования
- Атауы (қаз.)
- Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 28.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2025 200173_762052.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034996
- ЭКБ идентификаторы
- 200173
- Редакция идентификаторы
- 200173_762052
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:54
0 Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің
үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 227 Бұйрықпен
бекітілген
Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында ішкі тәртіпті ұйымдастыру мен іске асырудың үлгілік тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Үлгілік қағидалар Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын (бұдан әрі – Ішкі тәртіптеме қағидалары) әзірлеудің бірыңғай тәсілін қарастырады.
3 3. Ішкі тәртіптеме қағидалары ұжымның жалпы жиналысында қаралады және білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
4 4. Білім беру ұйымының бекітілген ішкі тәртіптемесінің қағидаларын барлық қызметкерлер мен білім беру процесіне қатысушылар сақтайды.
5 5. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) білім беру процесіне қатысушылар – білім алушылар, тәрбиеленушілер, сондай-ақ олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері;
2
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылған, қызмет көрсету аумағында тұрақты географиялық белгіленген орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке байланыс құрылғысы;
3 3) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
4 4) стипендия – білім алушыға тамақтануға, тұруға және оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған шығыстарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
5
5) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ кәсіптік модульдердің бір біліктілік шеңберінде оларды зерделеу аяқталғаннан кейін олардың бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;