Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 380-НҚ · қабылданған 27.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200197/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 380-НҚ ·27.08.2024
27.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 380-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
380-НҚ
Қабылданған күні
27.08.2024
Көрсетілген редакция
27.08.2024 200197_717802.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035001
ЭКБ идентификаторы
200197
Редакция идентификаторы
200197_717802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:56

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Кейбір бұйрықтардың күші осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

2024 жылғы 27 тамыздағы
№ 380-НҚ Бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1 1) «Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7805 болып тіркелген).

2

2) «Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 811 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 болып тіркелген).

3 3) «Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8236 болып тіркелген).

4 4) «Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13176 болып тіркелген).

5

5) «Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13180 болып тіркелген).

6

6) «Телерадио хабарларын тарату саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14789 болып тіркелген).

7

7) «Кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтар тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18201 болып тіркелген).

8 8) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 141-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32357 болып тіркелген).

Қолданыстағы