Об утверждении формы реестра требований кредиторов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы реестра требований кредиторов
- Атауы (қаз.)
- Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 590
- Қабылданған күні
- 28.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2024 200201_726837.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035004
- ЭКБ идентификаторы
- 200201
- Редакция идентификаторы
- 200201_726837
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:54
0 Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 590 бұйрығымен
бекітілген
нысаны
№
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)/ кредитордың атауы
Кредитордың ЖСН/БСН
Қойылған талаптардың сомасы (теңге)
Қаржы басқарушысы қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешектің пайда болған күні
Танылған талаптар сомасы
Танылмаған талаптар сомасы
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Бірінші кезек
1)
Өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі талаптар
...
Барлығы:
2)
Алимент өндіріп алу бойынша талаптар
...
Барлығы:
Бірінші кезек бойынша барлығы:
2.
Екінші кезек
1)
Салықтық берешек
...
Барлығы:
2)
Кедендік төлемдер бойынша берешек
...
Барлығы:
3)
Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек
...
Барлығы:
4)
Сот шешімі бойынша өндіріліп алынатын, бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешек
….
Барлығы:
Екінші кезек бойынша барлығы:
3.
Үшінші кезек
1)
Кредиторлардың азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша талаптары
...
Барлығы:
2)
Кепілді кредитордың талаптары, мына:
ол кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан;
ол қаржы басқарушысының кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсынысына осындай ұсынысты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған;
ол кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келіскен жағдайда, кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды қаржы басқарушысына кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде өтемеген жағдайларда
...
Барлығы:
3)
Мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті борышкердің мүліктік массасына қайтару туралы сот шешімі нәтижесінде туындайтын талаптар
...
Барлығы:
Үшінші кезек бойынша барлығы:
4.
Төртінші кезек
1)
Кредиторлардың шығындарды өтеу жөніндегі талаптары
......
Барлығы:
2)
Кредиторлардың тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі талаптары (айыппұл, өсімпұл)
.....
Барлығы:
Төртінші кезек бойынша барлығы:
5.
Бесінші кезек
1)
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын қарау кезінде берешекті қайта құрылымдау құралдарының бірін ұсыну бойынша міндетін орындамаған кредиторлар талаптары
...
Барлығы:
2)
Өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алимент өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, оларды ұсыну мерзімі өткеннен кейін мәлімделген талаптар
...
Барлығы:
Бесінші кезек бойынша барлығы:
Тізілім бойынша барлығы:
6.
Тізілімнен шығарылған талаптар
...
Барлығы:
Аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке-сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).