Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня сделок, которые не подлежат удостоверению посредством простой электронной подписи

Бұйрық · № 531/НҚ · қабылданған 02.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200265/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня сделок, которые не подлежат удостоверению посредством простой электронной подписи Қолданыста Бұйрық ·№ 531/НҚ ·02.09.2024
02.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня сделок, которые не подлежат удостоверению посредством простой электронной подписи

Қолданыста Бұйрық ·№ 531/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня сделок, которые не подлежат удостоверению посредством простой электронной подписи
Атауы (қаз.)
Жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
531/НҚ
Қабылданған күні
02.09.2024
Көрсетілген редакция
02.09.2024 200265_749984.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035021
ЭКБ идентификаторы
200265
Редакция идентификаторы
200265_749984
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:50

0 Жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізбесін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 129-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қосымшада берілген жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасынң
Мәдениет және ақпарат
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

0 Жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 531/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізбесі

1 1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалатын мәмілелер;

2 2. Мемлекет иесі болып табылатын ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құру, сүйемелдеу, енгізу шеңберінде жасалатын мәмілелер;

3 3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерімен мәмілелер;

4 4. Мемлекеттік тапсырмаларды орындаумен байланысты мәмілелер;

5 5. Мемлекеттік мүлікті тікелей атаулы сатып алу-сату мәмілелер (шарттар);

6 6. Мемлекеттік мүлік екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурста сатып алу-сату мәмілелер (шарттар);

7 7. Дәрілік заттардың айналымы, жер қатынастары, қорғаныс кәсіпорындарының қызметі және маңызды инфрақұрылым саласындағы мәмілелер.

Қолданыстағы