Об утверждении Положения о национальном авиаперевозчике Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о национальном авиаперевозчике Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы туралы ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1085
- Қабылданған күні
- 08.07.1997
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 AI2003_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970001085_
- ЭКБ идентификаторы
- 2003
- Редакция идентификаторы
- AI2003_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:02
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы туралы ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1321 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясын экономикалық тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1030 қаулысына сәйкес, халықаралық авиациялық жұмыстар және қызмет көрсету рыногында ұлттық мүдделердi қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы туралы ереже бекiтiлсiн.
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 9 шiлдедегi
N 1085 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық
авиатасымалдаушысы туралы
ЕРЕЖЕ
i I. Жалпы ережелер, ұлттық авиатасымалдаушының мақсаты мен мiндеттерi
1 1. Ұлттық авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының бiр бөлiгi болып табылады, қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, республикамен жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
2 2. Ұлттық авиатасымалдаушының негiзгi мiндеттерi:
iшкi, сыртқы авиажелiлерi мен әуе тасымалдары рыногын дамыту;
азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды орындау;
Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының әуе тасымалдары мен авиациялық қызмет көрсетулердегi қажет етулерiн қанағаттандыру;
авиациялық жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық рыногында бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
авиациялық қауiпсiздiктер мен ұшу қауiпсiздiктерiнiң талаптарын орындауды толық қамтамасыз ету болып табылады.
3 3. Мемлекеттiң мiндеттi үлестiк қатысуымен (акциялар пакетiмен) және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын авиакомпания Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы бола алады.
4 4. Ұлттық авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалады.
5 5. Мынадай талаптарды қанағаттандыратын:
Әуе кемелерiн пайдаланушының куәлiгi бар;
Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) тiркелген;
Халықаралық әуе көлiгi ассоциациясы (IATA) мен Халықаралық коммерциялық авиациялық байланыс ұйымының мүшесi болып табылатын (SIТА);
iшкi және халықаралық авиажелiлерде тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқына лицензиясы бар;
сертификаттандырылған базаларда немесе жөндеу заводтарында мерзiмдi және жедел техникалық қызмет көрсетiлу мен жөндеудің барлық нысандарын жүзеге асыратын;
сертификатталған ұшақ-мотор паркi мен авиациялық қызметкерлерi бар:
Қазақстан Республикасының аумағы мен шетелдiк елдерде авиатасымалдауды сатуды, брондауды және тексерудi жүзеге асыратын;
кемiнде бiр миллиард теңге жарғылық капиталы бар авиакомпания ұлттық авиатасымалдаушы бола алады.
6 6. Авиакомпания Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен мынадай жағдайларда:
қауiпсiз ұшу қызметiн реттейтiн нормативтiк және құқықтық актiлердiң талаптарын өрескел бұзғаны үшiн;
шығынды қызметтiң тұрақты тенденциясы пайда болған кезде;
халықаралық авиатасымалдау және қызмет көрсету рыногында Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының беделi мен мәртебесiне нұқсан келтiрген iс-әрекеттерi болған кезде ұлттық авиатасымалдаушы мәртебесiнен айырылуы мүмкiн.