О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 393-НҚ
- Қабылданған күні
- 29.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2024 200300_720406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035027
- ЭКБ идентификаторы
- 200300
- Редакция идентификаторы
- 200300_720406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:51
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 393-НҚ бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1 1. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17082 болып тіркелген).
2
2. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 417 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17748 болып тіркелген).
3
3. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 184 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20824 болып тіркелген).
4
4. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 383 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 21700 болып тіркелген).
5
5. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 327 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 29210 болып тіркелген).
6
6. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 31773 болып тіркелген).
7
7. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 461-НҚ бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 33676 болып тіркелген).
8
8. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 228-НҚ бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 34472 болып тіркелген).