Құжат мәтініне өту

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 610 · қабылданған 29.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200374/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 610 ·29.07.2024
29.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 610 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
610
Қабылданған күні
29.07.2024
Көрсетілген редакция
29.07.2024 200374_719162.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000610
ЭКБ идентификаторы
200374
Редакция идентификаторы
200374_719162
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:21

0

«Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚазАТЗУ» КеАҚ) «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ҚазОШАҒЗИ» ЖШС) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «ҚазАТЗУ» КеАҚ-мен бірлесіп (келісу бойынша) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) «ҚазОШАҒЗИ» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-15 жолмен толықтырылсын:
«13-15. «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты».».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірі 404-2-жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне:
404-2. «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».».

3 3. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«4. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты».».
______________________________

Қолданыстағы