Құжат мәтініне өту

О создании акционерного общества «Теңіз жасағы»

Қаулы · № 707 · қабылданған 29.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200388/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О создании акционерного общества «Теңіз жасағы» Қолданыста Қаулы ·№ 707 ·29.08.2024
29.08.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании акционерного общества «Теңіз жасағы»

Қолданыста Қаулы ·№ 707 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании акционерного общества «Теңіз жасағы»
Атауы (қаз.)
«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
707
Қабылданған күні
29.08.2024
Көрсетілген редакция
29.08.2024 200388_718156.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000707
ЭКБ идентификаторы
200388
Редакция идентификаторы
200388_718156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:53

0 «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

2 2. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жедел iс-қимылдарды жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру қамтамасыз етілсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2 2) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қоғам атынан қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3 3) қоғамды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінең кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-13-жолмен толықтырылсын:
«236-13. «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы».».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-13-жолмен толықтырылсын:
«295-13. «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы».».

3

3. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
156-тармақтың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы».

4 4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 296-13), 296-14), 296-15) және 296-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«269-13) мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты алуды және беруді жүзеге асырады;
269-14) мұнайдың төгілуін жою бойынша оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізеді;
269-15) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою жөніндегі жедел іс-қимылдарды ұйымдастырады;
269-16) мұнайдың төгілуін жою туралы сұрау салу алған жағдайда халықаралық көмекке жүгіну жөніндегі және басқа елдерге көмек көрсету жөніндегі ic-қимылдарды ұйымдастырады;»;
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
«4. «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы».
_________________________

2 «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруға арналған республикалық мүліктің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы
№ қаулысына
қосымша
«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруға арналған республикалық мүліктің
тізбесі
Р/с

Атауы
Мекенжайы
Шығарылған жылы
Бағалау құны, теңгемен
Түгендеу номері
1
Тікұшақ типті пилотсыз ұшу аппараты
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауд., Форт-Шевченко ауд., № 42 өнеркәсіптік аймақ
2023 жылғы желтоқсан
87769948
236009008808
2
Тікұшақ типті пилотсыз ұшу аппараты
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауд., Форт-Шевченко ауд., № 42 өнеркәсіптік аймақ
2023 жылғы желтоқсан
87769948
236009008809
3
Электрлендірілген тіркемелі сорғы станциясы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауд., Форт-Шевченко ауд., № 42 өнеркәсіптік аймақ
2022 жылғы желтоқсан
11568435
236009008845
Жиыны
187108331
______________________

Қолданыстағы