Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования ввоза отдельных видов теплоизоляционных материалов

Бұйрық · № 315 · қабылданған 03.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200404/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования ввоза отдельных видов теплоизоляционных материалов Қолданыста Бұйрық ·№ 315 ·03.09.2024
03.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования ввоза отдельных видов теплоизоляционных материалов

Қолданыста Бұйрық ·№ 315 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования ввоза отдельных видов теплоизоляционных материалов
Атауы (қаз.)
Жылу оқшаулағыш материалдардың жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
315
Қабылданған күні
03.09.2024
Көрсетілген редакция
03.09.2024 200404_741815.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035033
ЭКБ идентификаторы
200404
Редакция идентификаторы
200404_741815
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:49

0 Жылу оқшаулағыш материалдардың жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден көбіктенген синтетикалық резеңкеден жасалған жылу оқшаулағыш материалдың жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4008110000 жолақтар немесе таспаларды қоспағанда; ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4009110000 құбырлар мен шлангтарды қоспағанда; ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4009120009 басқа құбырлар мен шлангтарды қоспағанда) көліктің барлық түрлерімен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

1

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде бақылауды қамтамасыз ету туралы осы бұйрықтың 1-тармағын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асыру бойынша;

2

2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;

3 3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы