Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области лесоустройства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области лесоустройства
- Атауы (қаз.)
- Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағаларды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 165-Ө
- Қабылданған күні
- 17.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2025 200452_760877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NP000165
- ЭКБ идентификаторы
- 200452
- Редакция идентификаторы
- 200452_760877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:31
0 Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалар осы бұйрықтын 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
1 Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалар
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
20____ жылғы _________
№ ______ бұйрығына
1-қосымша
Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалар
№
р/с
Орман орналастыру жұмыстарының атауы
1 гектардың бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз)
Дайындық жұмыстары
1.
I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)
74,9
2.
II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)
55,8
3.
III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)
10,3
Далалық жұмыстар
1.
I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)
1053,3
2.
II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)
734,8
3.
III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)
94,8
Камералдық жұмыстар
1.
I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)
346,8
2.
II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)
262,7
3.
III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)
25,8
№
р/с
Орман орналастыру жұмыстарының атауы
1 орман иеленушінің бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз)
1
Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу
80 000
2
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу
45 000
№
р/с
Орман орналастыру жұмыстарының атауы
Интерактивті қартадағы 1 нүктенің бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз)
1
Орман мониторингі
168,1