Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 2 · қабылданған 26.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200532/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 2 ·26.08.2024
26.08.2024 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 2 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
26.08.2024
Көрсетілген редакция
26.08.2024 200532_718632.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24KMU0002B
ЭКБ идентификаторы
200532
Редакция идентификаторы
200532_718632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:56

0 Шектеу іс-шараларын алып

тастау туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 тамыздағы №15-4-1/400 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1 1. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан «Бірлік» шаруа қожалығының жайылымы аумағында белгіленген «Жылқы ринопневмония» ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

2 2. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы