Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Айтекебийскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Айтекебийскому району
- Атауы (қаз.)
- Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 02.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2024 200548_718973.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24CB00257M
- ЭКБ идентификаторы
- 200548
- Редакция идентификаторы
- 200548_718973
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:50
0 Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Әйтеке би ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі №203 «Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әйтеке би аудандық мәслихаттың
2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 257
шешіміне 1-қосымша
Әйтеке би ауданы бойынша бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3
1
Абаттандырылған үй иеліктері және абаттандырылмаған
1 тұрғын
1,03
2
Қонақ үйлер, санаторилар, демалыс үйлері
1 орын
0,54
3
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,32
4
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,47
5
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,002
6
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,86
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,31
8
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,32
9
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,02
10
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,02
11
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,02
12
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,3
13
Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер
сауда алаңы 1 м2
0,12
14
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,37
15
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,4
16
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,16
17
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,23
18
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
0,87
19
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,91
20
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,25
21
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,10
22
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,03
23
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
0,02
24
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,16
6 Әйтеке би аудандық мәслихаттың
2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 257
шешіміне 2-қосымша
Әйтеке би ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептеу бірлігі
Қызмет құны, теңге
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
тұрғын/айына
230,77
2
Жылдық тариф бірлігіне (көлем)
1 м3
2914,8