Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 319 · қабылданған 09.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200572/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 319 ·09.09.2024
30.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 319 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
319
Қабылданған күні
09.09.2024
Көрсетілген редакция
30.05.2025 200572_768693.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035047
ЭКБ идентификаторы
200572
Редакция идентификаторы
200572_768693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:44

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушысының
2024 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

2 2. «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
24-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
6 (алты) жұмыс күн
».

3 3. «Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережелерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіруге құқық беретін, оның ішінде жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктердің (болған жағдайда) өкілдерінің кемінде бес адамнан тұратын тақ санынан қалыптастырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй комиссияның хатшысы тұрғын үй комиссияның мүшесі болып табылмайы және дауыс беруге құқығы жоқ.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
аппарат басшысы немесе жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
үштен аспайтын қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері (болған жағдайда);
жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері.».

Қолданыстағы