Құжат мәтініне өту

О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда

Бұйрық · № 27-03/249-НҚ · қабылданған 10.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200618/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда Қолданыста Бұйрық ·№ 27-03/249-НҚ ·10.09.2024
10.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда

Қолданыста Бұйрық ·№ 27-03/249-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27-03/249-НҚ
Қабылданған күні
10.09.2024
Көрсетілген редакция
10.09.2024 200618_741836.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NPL27032
ЭКБ идентификаторы
200618
Редакция идентификаторы
200618_741836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:44

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 15-тармағы 491) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығымен бекітілген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Ертіс орманы») мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне (өтімді қоқыстарды жинаудан, тілмелерді кесуден және орман күтімін кесуден басқа) тыйым салу енгізілсін.

2 2. Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

3 3. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2 2) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды заңсыз кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынсын.

4 4. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және қорғау басқармасы:

1 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы