Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 339 · қабылданған 13.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200690/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 339 ·13.09.2024
13.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 339 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
339
Қабылданған күні
13.09.2024
Көрсетілген редакция
13.09.2024 200690_719587.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24UC065851
ЭКБ идентификаторы
200690
Редакция идентификаторы
200690_719587
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:40

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 4391 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Кентау қалалық
мәслихаты

5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Кентау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 339 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

4 4) бөлімше меңгерушісі;

5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

7 7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

8 8) үйде қызмет көрсету ұйымы бөлімшесінің меңгерушісі;

9 9) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

10 10) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

11 11) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

12 12) медициналық мейіргердің көмекшісі;

13 13) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;

14 14) әдіскер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

2 2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директоры) орынбасары;

3 3) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

4 4) бөлімше меңгерушісі;

5 5) барлық атаудағы режиссер;

6 6) вокал;

7 7) әдіскер;

8 8) дизайнер;

9 9) дыбыс операторы;

10 10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

11 11) аккомпаниатор;

12 12) хормейстер;

13 13) музыкалық жетекші;

14 14) ұжым (үйірме) басшысы;

15 15) барлық атаудағы менеджер;

16 16) барлық атаудағы суретші (негізгі қызметтер);

17 17) кітапханашы;

18 18) әкімші;

19 19) библиограф;

20 20) барлық мамандықтағы мұғалімдері;

21 21) көркемдік жетекші;

22 22) дыбыс өңдеуші;

23 23) бас дирижер;

24 24) барлық атаудағы әртістері;

25 25) хореограф;

26 26) редактор.

3 3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) бөлімше меңгерушісі;

4 4) әдіскер;

5 5) жаттықтырушы;

6 6) нұсқаушы-спортшы;

7 7) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;

8 8) жаттықтырушы-массажшы;

9 9) психолог;

10 10) жаттықтырушы-оқытушы.

Қолданыстағы