О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению, экспонированию боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению, экспонированию боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему
- Атауы (қаз.)
- Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөнiндегi қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 635
- Қабылданған күні
- 07.06.2004
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI20077_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000635_
- ЭКБ идентификаторы
- 20077
- Редакция идентификаторы
- AI20077_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:01
0 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөнiндегi қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1 1. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.01. № 84 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1 1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 3-бағанында:
төртінші абзацтағы "коллекция жасау" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:
"33. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
"II. Экологиялық қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
"27. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
"III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
2 2) "Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1032 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесiнде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қару мен оның патрондарын өндiрудi қаруды өндіруге (зерттеуге, жасауға, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға), патрондар мен олардың құрамдас бөлiктерiн дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын өндiруге тұтастай (бiрыңғай технологиялық кешендi ескере отырып) да, оның жекелеген түрлерiне де лицензия ала алады.".
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
0 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 8 маусымдағы
№ 635 қаулысымен
бекiтiлген
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу,
сату, сатып алу, экспонатқа қою жөнiндегi лицензияланатын қызмет
түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары