О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, зарегистрированным в области Ұлытау, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, зарегистрированным в области Ұлытау, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
- Атауы (қаз.)
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/169
- Қабылданған күні
- 18.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2024 200854_720215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24H0014720
- ЭКБ идентификаторы
- 200854
- Редакция идентификаторы
- 200854_720215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:37
0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсынылсын.
Медициналық көмек алуға жіберілетін азаматқа және дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімінде сүйемелдеу бойынша ұсынымы бар болған жағдайда, оны сүйемелдейтін тұлғаға (бір адамнан көп емес) теміржол көлігінде (екі жаққа да) жол жүру құнын төлеу жүзеге асырылады.
2 2. Жол жүру құнын төлеу «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне келесі ұсынылатын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1 1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2 2) медициналық ұйымға стационарға және (немесе) күндізгі стационарға емдеуге жатқызуға жіберудің көшірмесі;
3
3) емдеуші дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің және бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасарының қолдарымен, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымының мөрімен куәландырылған клиникалық диагнозы көрсетілген амбулаториялық пациенттің медициналық карта немесе стационарлық науқастың медициналық карта үзіндісінің көшірмесі;
4 4) сүйемелдейтін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сүйемелдеу жағдайда);
5 5) теміржол көлігіне жол жүру құжаты (билеті);
6 6) банк шотының нөмірі.
3
3. Ұлытау облыстық мәслихатының «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы» 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11/105 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.