О введении операторами связи посекундной тарификации междугородных, сотовых соединений и трафика между взаимодействующими сетями телекоммуникаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении операторами связи посекундной тарификации междугородных, сотовых соединений и трафика между взаимодействующими сетями телекоммуникаций
- Атауы (қаз.)
- Байланыс операторларының қалааралық, ұялы қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң өзара трафигiне секундалық тарифтеудi енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 74-п
- Қабылданған күні
- 20.04.2004
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2010 AI20109_9.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002894_
- ЭКБ идентификаторы
- 20109
- Редакция идентификаторы
- AI20109_9
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:11
0 Байланыс операторларының қалааралық, ұялы қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң өзара трафигiне секундалық тарифтеудi енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.5 тармағына сәйкес бұйырамын:
1 1. Қазақстан Республикасының байланыс операторлары:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтеудің 10 секундтық қадамымен желі ішінде қалааралық (аймақішілік) қосылыстарды секундпен тарифтеуді қамтамасыз етсін*;
2005 жылдың 1 шілдесінен бастап, халықаралық телефон трафигін қоспағанда, тарифтеудің 10 секундтық қадамымен байланыс операторларының өзара іс-әрекет ететін телекоммуникация желілері арасында трафикті секундпен тарифтеуге көшсін;
2006 жылғы 1 маусымнан бастап ұялы қосылымдардың ішкі желілерін секундалық тарифтеуді 10 секундтан артық емес қадаммен тарифтеуді қамтамасыз ету.
2006 жылғы 1 маусымнан бастап халықаралық телефон трафигін қоспағанда өзара байланыстағы телекоммуникация желілерінің өзара трафигіне операторлар тіркелген қосылымнан ұялыға, ұялы қосылымнан ұялы қосылымдарға 10 секундтан артық емес қадаммен секундалық тарифтеуге көшсін.
___________________________________________
Ескерту: тарифтеудің 10 секундтық қадамы - қосылыс аралығының әрбір толық және толық емес 10 секунды.
2 2. Алып тасталды.
3 3. 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін байланыс операторлары аппараттық және бағдарламалық құралдарға таратылатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Сертификатталған жабдығы және есепке алудың аппараттық-бағдарламалық құралдары, және трафикті өлшеудің тексеруден өткен құралдары бар қосатын байланыс операторлары қосылатын байланыс операторында аталған құрал-жабдықтар жоқ болған жағдайда қосу шартына сәйкес өткізілетін трафиктердің есепке алынуын және биллингін қамтамасыз етсін
4 4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi Агенттiгiнiң Байланыс саласындағы мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (А.А.Сейтiмбеков) осы бұйрықты белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасының Бiрiншi орынбасары Ж.Д.Ертiлесоваға және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсiн.