Об утверждении норматива численности работников частной охранной организации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива численности работников частной охранной организации
- Атауы (қаз.)
- Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 711
- Қабылданған күні
- 23.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2024 201155_726854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035159
- ЭКБ идентификаторы
- 201155
- Редакция идентификаторы
- 201155_726854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:34
0 Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің
адам саны нормативін бекіту туралы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативі
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 711 бұйрығымен
бекітілген
Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативі
1 1. Стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет бекетіне 4,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;
он екі сағаттық бір күзет бекетіне 2,25-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет бекетіне 1,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі.
2 2. Магистралдық құбырларды күзету кезінде:
айналма жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трассадан өтетін жолдың бойын, елді мекендерден алшақтығын, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистралдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 – 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистралдық газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 – 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін.