Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 1706 · қабылданған 27.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201193/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 1706 ·27.09.2024
27.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 1706 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1706
Қабылданған күні
27.09.2024
Көрсетілген редакция
27.09.2024 201193_722464.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA01706A
ЭКБ идентификаторы
201193
Редакция идентификаторы
201193_722464
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:27

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 311, № 312 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

«Батыс - Западная» ӘЖ 110 кВ желілерін жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 5,8266 гектар;
«Батыс - Западная» ӘЖ 110 кВ желілерін жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 3,4916 гектар.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы