Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 1705 · қабылданған 27.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201194/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 1705 ·27.09.2024
27.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 1705 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1705
Қабылданған күні
27.09.2024
Көрсетілген редакция
27.09.2024 201194_722522.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA01705A
ЭКБ идентификаторы
201194
Редакция идентификаторы
201194_722522
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:27

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 247 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан «Қостанай облысы Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданындағы 900 орынға арналған жалпы орта білім беретін мектепке сыртқы коммуникациялардың құрылысы, электрмен жабдықтау желілерін салу үшін» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0633 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы