Об утверждении текста, эскизов предупреждения о рисках и вреде участия в азартных играх и (или) пари
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении текста, эскизов предупреждения о рисках и вреде участия в азартных играх и (или) пари
- Атауы (қаз.)
- Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 168
- Қабылданған күні
- 30.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 201205_721886.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035177
- ЭКБ идентификаторы
- 201205
- Редакция идентификаторы
- 201205_721886
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:24
0 Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың
қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін
бекіту туралы
«Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 15-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің мәтіні;
2 2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің эскиздері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ету.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің мәтіні
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 168 бұйрығына
1-қосымша
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің мәтіні
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге деген шамадан тыс құмарлық жеке тұлғаға келесі болжамды қауіп-қатерлері мен зиянын білдіреді:
тәуелділік: құмар ойындарға қатысушы және (немесе) бәс тігу мінез-құлықты бақылауды жоғалтады және ойнауды тоқтата алмайды;
психикалық денсаулық: стресс, мазасыздық, депрессия және басқа психикалық бұзылулар;
әлеуметтік салдары: отбасымен, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынастың нашарлауы және әлеуметтік оқшаулану;
жұмыс пен оқуға әсері: кәсіби қызмет пен оқуға теріс әсер етеді, өнімділік пен оқу үлгерімін төмендетеді.
Тәуекелдерді азайту үшін жауапкершілікпен ойнау, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге жұмсалатын уақыт пен қаражат лимиттерін белгілеу, сондай-ақ тәуелділіктің алғашқы белгілерінде медициналық ұйымнан көмек сұрау маңызды.
ӨЗІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ!
2 Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің эскиздері
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 168 бұйрығына
2-қосымша
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің эскиздері