Құжат мәтініне өту

Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району

Өзге акт · № 15/7-VIII · қабылданған 24.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201224/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району Қолданыста Өзге акт ·№ 15/7-VIII ·24.09.2024
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району

Қолданыста Өзге акт ·№ 15/7-VIII · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району
Атауы (қаз.)
Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерлері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15/7-VIII
Қабылданған күні
24.09.2024
Көрсетілген редакция
21.04.2025 201224_760216.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24VI908816
ЭКБ идентификаторы
201224
Редакция идентификаторы
201224_760216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:33

0 Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерлері

мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттары:

әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерлерде айқындалсын.

2 2. Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
қандастар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы