Об утверждении Классификатора научных направлений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Классификатора научных направлений
- Атауы (қаз.)
- Ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 466
- Қабылданған күні
- 30.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2025 201292_749697.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24HN000466
- ЭКБ идентификаторы
- 201292
- Редакция идентификаторы
- 201292_749697
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:25
0 Ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 36) тармағына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 126) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми бағыттар сыныптауышы бекітілсін.
2 2. «Ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №386 бұйрығының күші жойылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
0 Ғылыми бағыттар сыныптауышы
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2025 жылғы 18наурыздағы
№ 124 бұйрығына қосымша
Ғылыми бағыттар сыныптауышы
Бірінші деңгей
Екінші деңгей
Үшінші деңгей
10000 Жаратылыстану ғылымдары
10100 Математика
10101 Математика
10102 Қолданбалы математика
10103 Статистика және ықтималдылық
10104 Математикалық физика
10105 Математика, пәнаралық қолдану
10106 Логика
10107 Механика
10108 Әлеуметтік ғылымдардағы математикалық әдістер
10109 Компьютерлік ғылымдарындағы математика
10110 Инженерлік математика
10200 Физикалық ғылымдар
10201 Атомдық, молекулалық және химиялық физика
10202 Конденсацияланған күй физикасы
10203 Бөлшектер және өрістер физикасы
10204 Ядролық физика
10205 Сұйықтық және плазма физикасы
10206 Оптика
10207 Акустика
10208 Астрономия және астрофизика
10209 Қолданбалы физика
10210 Кванттық физика
10211 Механика
10212 Көпсалалы физика
10300 Химиялық ғылымдар
10301 Органикалық химия
10302 Бейорганикалық және ядролық химия
10303 Физикалық химия
10304 Полимерлер туралы ғылым
10305 Электрохимия
10306 Аналитикалық химия
10307 Қолданбалы химия
10308 Кристаллография
10309 Кванттық химия
10310 Жасыл химия
10311 Көпсалалы химия
10400 Жер туралы және қоршаған орта ғылымдары
10401 Геохимия және геофизика
10402 Қоршаған орта туралы ғылымдар
10403 Физикалық география
10404 Геология
10405 Метеорология және атмосфера туралы ғылымдар
10406 Минералогия
10407 Мұхиттану
10408 Палеонтология
10409 Су ресурсы
10410 Гидрогеология
10411 Тұрақты даму
10412 Тіршілік қауіпсіздігі
10413 Көпсалалы жер туралы ғылымдары
10500 Биологиялық ғылымдар
10501 Биология
10502 Цитология
10503 Микробиология
10504 Вирусология
10505 Биохимия және молекулалық биология
10506 Биохимиялық зерттеу әдістері
10507 Микология
10508 Биофизика
10509 Генетика және тұқым қуалаушылық
10510 Репродукциялық биология
10511 Даму биологиясы
10512 Ботаника
10513 Зоология
10514 Гидробиология
10515 Экология
10516 Биоалуантүрлілік сақтау
10517 Эволюциялық биология
10518 Лимнология
10519 Математикалық биология және биоинформатика
10520 Радиациалық биология
10521 Орнитология
10522 Энтомология
10523 Физиология
10600 Басқа да жаратылыстану ғылымдары
10601 Көпсалалы ғылымдар
20000 Техникалық ғылымдар
20100 Азаматтық және көлік инжинирингі
20101 Азаматтық инжиниринг
20102 Құрылыс технологиясы
20103 Көлік, көлік техникасы және технологиясы
20104 Көлік тасымалы
20200 Электротехника, электроника, ақпараттық технологиялар
20201 Электротехника және электроника
20202 Робототехника
20203 Автоматтандыру және басқару жүйелері
20204 Телекоммуникация
20205 Компьютер техникасы және сәулет
20300 Машина жасау
20301 Машина жасау
20302 Термодинамика
20303 Аэроғарыштық инжиниринг
20304 Ядролық инжиниринг
20305 Инженерлік механика
20400 Химиялық инжиниринг
20401 Химиялық инжиниринг
20500 Материалдық инжиниринг
20501 Керамикалық материалдар
20502 Қаптамалар мен пленкалар
20503 Композициялық материалдар
20504 Қағаз және ағаш материалдар
20505 Тоқыма материалдары
20506 Металлургия
20507 Материалдарды сипаттау және сынау
20508 Көпсалалы материалтану
20600 Медициналық инжиниринг
20601 Биомедициналық инжиниринг
20602 Медициналық зертхананың технологиясы
20603 Жасуша және тіндік инжинирингі
20700 Энергетика және қоршаған ортаны ұтымды басқару
20701 Экологиялық инжиниринг
20702 Экологиялық зерттеулер
20703 Мұнай инжинирингі
20704 Энергия, энергетика және отын
20705 Қашықтықтан зондтау
20706 Тау-кен ісі және минералдарды қайта өңдеу
20707 Кеме жасау инжинирингі
20708 Мұхит инжинирингі
20709 Геологиялық инжиниринг
20710 Жасыл технологиялар
20800 Биотехнология және қолданбалы микробиология
20801 Биотехнология және қолданбалы микробиология
20900 Өндірістік биотехнология
20901 Биоматериалдар
21000 Нанотехнология
21001 Наноматериалдар және нанотехнология
21100 Компьютерлік ғылымдар және информатика
21101 Компьютерлік ғылымдар теориясы және әдістері
21102 Жасанды интеллект
21103 Кибернетика
21104 Ақпараттық жүйелер
21105 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
21106 Компьютерлік ғылымдарындағы пәнаралық қолдану
21107 Ақпараттық қауіпсіздік
21108 Компьютерлік логика
21109 Автоматтандыру және басқару
21200 Басқа техникалық ғылымдар
21201 Көпсалалы инжиниринг
21202 Өнеркәсіптік инжиниринг
21203 Өндірістік инжиниринг
21204 Азық-түлік технологиялары
21205 Аспап және аспап жасау
21206 Микроскопия
21207 Фототехника
21208 Спектроскопия
21209 Кванттық технологиялар
21210 Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
30000 Медицина және денсаулық сақтау
30100 Медицина ғылымдары
30101 Тәжірибелік медицина
30102 Анатомия және морфология
30103 Иммунология
30104 Нейроғылым
30105 Фармакология және фармацевтика
30106 Медициналық химия
30107 Токсикология
30108 Адам физиологиясы
30109 Патология
30110 Аудиология және логопедия
30111 Аллергология
30112 Андрология
30113 Анестезиология
30114 Онкология
30115 Кардиология
30116 Реаниматология
30117 Жедел медициналық көмек
30118 Стоматология және жақ-бет хирургиясы
30119 Дерматология
30120 Эндокринология және метаболизм
30121 Гастроэнтерология және гепатология
30122 Гериатрия және геронтология
30123 Геронтология
30124 Гематология
30125 Интегративті және толықтыру медицинасы
30126 Жалпы медицина және ішкі аурулар
30127 Клиникалық неврология
30128 Нейровизуализация
30129 Акушерлік және гинекология
30130 Офтальмология
30131 Ортопедия
30132 Отоларингология
30133 Педиатрия
30134 Психиатрия
30135 Клиникалық психология
30136 Радиология, ядролық медицина және медициналық визуализация
30137 Пульмонология
30138 Ревматология
30139 Хирургия
30140 Трансплантология
30141 Урология және нефрология
30142 Перифериялық қан тамырлары ауруы
30143 Медициналық зертханалық техника
30300 Денсаулық туралы ғылым
30301 Психоактивті заттарды теріс пайдалану
30302 Денсаулық сақтау
30303 Денсаулық сақтау саясаты және қызметтері
30304 Жедел жәрдем
30305 Қоғамдық, экологиялық және кәсіби денсаулық сақтау
30306 Жұқпалы аурулар
30307 Биомедициналық этика
30308 Сот медицинасы
30309 Медициналық ақпараттық жүйелер
30310 Мейірбике ісі
30311 Тамақтану және диетология
30312 Паразитология
30313 Психоанализ
30314 Оңалту
30315 Биомедициналық әлеуметтік ғылымдар
30316 Спорт ғылымдары
30317 Тропикалық медицина
30318 Медициналық радиобиология
30400 Фармацевтика ғылымдары
30401 Фармация
30402 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
30500 Медициналық биотехнология
30501 Медицинадағы биотехнология
40000 Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары
40100 Ауыл, орман және балық шаруашылығы
40101 Агрономия
40102 Балық шаруашылығы
40103 Орман шаруашылығы
40104 Көгалдандыру
40105 Топырақтану және агрохимия
40200 Мал шаруашылығы және зоотехния
40201 Мал шаруашылығы және зоотехния
40300 Ветеринария ғылымдары
40301 Ветеринария
40400 Ауылшаруашылық биотехнологиясы
40401 Ауылшаруашылық биотехнологиясы
40500 Басқа да ауылшаруашылығы ғылымдары
40501 Аграрлық инжиниринг
40502 Агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасы мен саясаты
40503 Азық-түлік ғылымы және технологиялары
40504 Көпсалалы ауылшаруашылығы ғылымдары
50000 Әлеуметтік ғылымдар
50100 Психология ғылымдары
50101 Жалпы психология
50102 Білім беру психологиясы
50103 Эргономика
50104 Даму психологиясы
50105 Қолданбалы психология
50106 Математикалық психология
50107 Эксперименталдық психология
50108 Әлеуметтік психология
50109 Мінез -құлық туралы ғылымдар
50110 Көпсалалы психология
50200 Экономика және бизнес
50201 Бизнес
50202 Қаржы
50203 Экономика
50204 Өндірістік қатынастар және еңбек
50205 Менеджмент
50206 Операцияларды зерттеу және басқару ғылымы
50300 Білім
50301 Білім беру және педагогикалық зерттеулер
50302 Ғылыми пәндерді оқыту
50303 Арнайы білім
50304 Білім беру саласандағы көпсалалы зерттеулер
50305 Дене шынықтыру және тәрбие саласындағы зерттеулер
50400 Әлеуметтану ғылымдары
50401 Демография
50402 Отбасылық зерттеулер
50403 Қоғамдық ғылымдардың математикалық әдістері
50404 Әлеуметтік мәселелер
50405 Әлеуметтік жұмыс
50406 Әлеуметтану
50407 Феминология
50500 Құқықтану ғылымдары
50501 Криминология және пенология
50502 Құқық
50600 Саясаттану ғылымдары
50601 Халықаралық қатынастар
50602 Саясаттану
50603 Мемлекеттік саясат
50700 Әлеуметтік және экономикалық география
50701 Аймақтану
50702 География
50703 Жоспарлау және даму
50704 Урбанистика
50705 Дамуды зерделеу
50706 Аймақтық және қалалық жоспарлау
50800 Журналистика және байланыс
50801 Журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары
50802 Ақпараттану және кітапханатану
50803 Коммуникация
50900 Басқа да әлеуметтік ғылымдар
50901 Мәдениеттану
50902 Қонақжай бизнесі
50903 Шығыстану
50904 Туризм
50905 Пәнаралық қоғамдық ғылымдар
50906 Антропология
60000 Гуманитарлық және өнер ғылымдары
60100 Тарих және археология
60101Археология
60102 Тарих
60103 Әлеуметтік ғылымдар тарихы
60104 Орта ғасырлар мен ренессанс тарихы
60105 Қазақстан тарихы
60106 Этнология
60200 Тіл және әдебиет
60201 Классикалық әдебиет
60202 Фольклор
60203 Тіл білімі
60204 Әдебиет теориясы және әдеби сын
60205 Тіл және лингвистика
60206 Әдебиет
60207 Әдеби шолу
60208 Африка, Австралия және Канада әдебиеті
60209 Америка әдебиеті
60210 Британдық әдебиет
60211 Неміс, голланд және скандинавия әдебиеті
60212 Роман әдебиеті
60213 Славян әдебиеті
60214 Поэзия
60215 Қазақ тілі
60216 Қазақ әдебиеті
60217 Азия елдерінің әдебиеті
60218 Түркология
60219 Аударма және аударматану
60300 Философия, этика және дін
60301 Этика
60302 Философия
60303 Ғылым тарихы мен философиясы
60304 Дінтану
60400 Өнер
60401 Сәулет
60402 Өнертану
60403 Хореография
60404 Кино, радио және теледидар
60405 Музыка
60406 Театр
60407 Арт-менеджмент
60500 Басқа да гуманитарлық ғылымдар
60501 Көпсалалы гуманитарлық ғылымдар
70000 Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік
70100 Әскери ғылымдар
70101 Әскери өнер
70102 Әскери техника және қару-жарақ
70200 Ұлттық қауіпсіздік
70201 Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету