О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Риддера
Қолданыста
Қаулы
·№ 295
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Риддера
- Атауы (қаз.)
- Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 295
- Қабылданған күні
- 01.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.10.2024 201349_722359.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VD909016
- ЭКБ идентификаторы
- 201349
- Редакция идентификаторы
- 201349_722359
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:23
0 Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2024 жылғы 1 қазандағы
№ 295 қаулысына
қосымша
1 1) Риддер қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 1716 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-6 болып тіркелген);
2 2) Риддер қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 1721 «Тұрғын үй комиссиясы жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-5 болып тіркелген);
3 3) Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 1961 «Әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясын құру туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-23 болып тіркелген);
4
4) Риддер қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 768 «Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 1985 «Үйде оқытылып және тәрбиеленетін, мүгедек - балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-90 болып тіркелген).