О повышении ставок земельного налога города Сатпаев
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога города Сатпаев
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 30.09.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 201355_724138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HB014920
- ЭКБ идентификаторы
- 201355
- Редакция идентификаторы
- 201355_724138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:25
0 Сәтбаев қаласының жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген) бекітілген Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.
2 2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
0 Сәтбаев қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру пайызы
Сәтбаев қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 30
қыркүйектегі
№ 151
шешіміне қосымша
Сәтбаев қаласы бойынша жер салығының
мөлшерлемелерінің арттыру пайызы
№
Жер орналастыру аймағы
Территорияның сипаттамасы
Арттыру пайызы
1.
I
есептік тоқсандар: 001, 002, 003, 004, 010, 011; Ерден көшесі мен «Байқоныс» шағын ауданы арасындағы аумақ; Ұлытау көшесі мен темір жолы арасындағы аумақ
50 %
есептік тоқсандар: 005, 006, 007, 008, 009; «Байқоныс» шағын ауданы
40 %
2.
II
әскери бөлімнің аумағы
0 %
3.
III
есептік тоқсандар: 012, 020, 021,022, 025;
0 %
4.
IV
Жеңіс саябағы, Даңқ алаңы, Кеншілер даңқы алаңы, Тәуелсіздік алаңы
50 %
5.
V
автомобиль жолдары, темір жолы, электр жеткізу желісі
0 %
6.
VI
электр қосалқы станциясы, жарылғыш материалдар қоймасы, шаруашылық-ауызсу объектілері
0 %
7.
VII
бау-бақша қоғамдары: Горняк, Восток, Меридиан
0 %
8.
VIII
қорымдар, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары
0 %
9.
IX
өзендер, су қоймалары, су қорғау аймақтары мен белдеулерi
0 %
10.
X
тарихи және мәдени ескерткіштер
0 %
11.
XI
бұзылған жерлер
0 %
12.
XII
тұрғын алабы: Жезқазған, Геологиялық барлау пункті, Крестовский, Весовая, Перевалька
0 %
13.
XIII
аттамалы жер учаскесі
0 %
14.
XIV
қалалық резервтік жерлер
0 %