О признании утратившими силу некоторых решений акима Баянаульского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений акима Баянаульского района
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9/10
- Қабылданған күні
- 02.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2024 201364_722271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24PE00910B
- ЭКБ идентификаторы
- 201364
- Редакция идентификаторы
- 201364_722271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:23
0 Баянауыл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі кезектен тыс отырысының №11 хаттамасы негізінде, Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Баянауыл ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Баянауыл ауданы әкімінің
2024 жылғы «02» қазандағы
№ 9/10 шешіміне
қосымша
Баянауыл ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі «Баянауыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 1 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27432 болып тіркелген).
2 2. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 6/11 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188565 болып тіркелген).
3
3. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 26 ақпандағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 2/02 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193624 болып тіркелген).
4
4. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 6/08 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 199560 болып тіркелген).