Об определении порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в городе Астане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в городе Астане
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 502-18
- Қабылданған күні
- 04.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2024 201463_722855.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24A0139601
- ЭКБ идентификаторы
- 201463
- Редакция идентификаторы
- 201463_722855
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:21
0 Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2
2. «Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 111-22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 872 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі
Астана қаласы әкімінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 502-18 шешіміне
қосымша
Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда
шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі - бұқаралық іс-шаралар) өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды ұйымдастыру
2
2. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтетін аумақта шыны ыдыстағы өнімдерді сатуы «Астана каласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісілген орындарда, мәдени-бұқаралық іс-шаралар − «Астана каласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісілген орындарда жүзеге асырылады.
3 3. Шыны ыдыстағы өнімдерді сату санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, қауіпсіздік техникасының ережелері және өрт қауіпсіздігі сақталған жағдайда жүргізіледі.
4 4. Заңды тұлғалар мен сауда объектілерінің жеке кәсіпкерлері шыны ыдыстағы өнімдерді сату кезінде:
1 1) инженерлік инфрақұрылымның жұмысын құруды және қамтамасыз етуді, тоңазытушы, сауда және өзге де жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді;
2 2) сауда объектісін күзетуді;
3 3) сауда орнынан қоқысты шығаруды қамтамасыз етуді;
4 4) сауда объектілерін мерекелік, тақырыптық безендіруді жүзеге асырады.
5 5. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1 1) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасу сызбасының болуын;
2 2) шыны ыдыстағы өнімдерді сататын сауда объектілері орналасқан жерлерде қоқыс жинауға арналған контейнерлерді, урналарды орналастыруды;
3 3) заңды тұлғалар мен сауда объектілерінің жеке кәсіпкерлеріне шыны ыдыстағы өнімдерді сатудың уақыты, орны және тәртібі туралы ақпаратты жеткізуді көздейді.
6 6. Пайдаланылуы заңды және жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, материалдық нұқсан келтіруі мүмкін шыны ыдыстағы өнімді бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алып кіруге жол берілмейді.
_____________________________