Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка

Бұйрық · № 358 · қабылданған 18.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201467/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка Қолданыста Бұйрық ·№ 358 ·18.09.2024
18.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка

Қолданыста Бұйрық ·№ 358 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка
Атауы (қаз.)
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
358
Қабылданған күні
18.09.2024
Көрсетілген редакция
18.09.2024 201467_722912.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035088
ЭКБ идентификаторы
201467
Редакция идентификаторы
201467_722912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:38

0

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары бекітілсін.

2

2. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 763 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11982 болып тіркелген).

3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

0 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 358 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің 2024 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Халықты құлақтандыру үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану ағымдағы теле-, радиобағдарламалардың трансляциясын қармай отырып, телерадио хабарларын тарату желілері мен арналары арқылы бейне, мәтіндік және сөйлеу хабарларын беру арқылы жүзеге асырылады.

3 3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты құлақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалана отырып, халықты құлақтандыруды:

1 1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

2 2) ұлттық қауіпсіздік органдары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

3 3) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалатын жергілікті жердің коменданты жүзеге асырады.

4 4. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, барлық телерадиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары үшін міндетті болып табылады.

2 2-тарау. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі

5 5. Халықты құлақтандыру үшін теле-, радиобағдарламалардың трансляциясы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның теле-, радиобағдарламалардың трансляциясын қармаудың техникалық құралдарымен жарақтандырылған жедел кезекшілерінің жұмыс орындарынан қармалады.

6

6. Шұғыл ден қоюды талап ететін табиғи, техногендік және/немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыру үшін уәкілетті органдар телерадио хабарларын тарату операторларына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнгені туралы, сондай-ақ қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы бейнероликтер, мәтіндік және сөйлеу хабарламалары бар ақпарат тасығыштарды береді.

7 7. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларымен бірлесіп тоқсанына кемінде бір рет техникалық құралдардың трансляцияларды қармау әзірлігін тексереді.

8 8. Телерадио хабарларын тарату операторлары трансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды қармау бойынша техникалық құралдарды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын құлақтандыру жүйелерімен ұштастырады.

Қолданыстағы