Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району

Өзге акт · № 21/11-VIII · қабылданған 07.10.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201468/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району Күшін жойған 27.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району

Күшін жойған Өзге акт № 21/11-VIII 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району
Атауы (қаз.)
Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/11-VIII
Қабылданған күні
07.10.2024
Көрсетілген редакция
27.03.2026 201468_824719.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FF035218
ЭКБ идентификаторы
201468
Редакция идентификаторы
201468_824719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:21
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері

Бесқарағай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 21/11-VIII шешіміне
1-қосымша
Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері

1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

7 Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Бесқарағай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 21/11-VIII шешіміне
2-қосымша
Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы
1
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
4
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
5
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
6
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
7
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
8
Қандастар
9
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар
10
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
11
Толық емес отбасылар
12
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
13
Ұлы Отан соғысының ардагерлері