Об утверждении Регламента Акмолинского областного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңының 10 бабы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облыстық мәслихатының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 3
Ақмола облыстық мәслихатының
2004 жылғы 1 маусымдағы
№ 3С-5/3 шешімімен бекітілген
Ақмола облыстық мәслихатының РЕГЛАМЕНТI
Тарау 1. 1 тарау. Регламентте пайдаланылатын негізгі түсініктер
1 тарау. Регламентте пайдаланылатын негізгі түсініктер
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - Ақмола облыстық мәслихаты - облыстың халқы сайланатын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету қызметін жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны.
Тармақ 4
4. Облыстық мәслихаттың аппараты - облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
Тарау 2. 2 тарау. Облыстық мәслихат үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер
2 тарау. Облыстық мәслихат үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер
Тармақ 5
5. Облыстық мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Облыстық мәслихат қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 8
8. Облыстық мәслихаттың қызметі оның құрған органдарының, сайланған немесе тағайындалған лауазымды тұлғаларының өз алдында жауапкершілігі мен есеп беріп отыруына, сұрақтардың ашық, ұжымдық талданып және шешілуіне, облыстағы қоғамдық жұмыстар мен мемлекеттік басқаруға азаматтарды заңдылықпен, кеңінен тартуға негізделеді.
Тармақ 9
9. Облыстық мәслихаттың қызметінде облыстық мәслихаттың депутатына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, осы регламентпен және басқа да заңнамалық актілермен енгізілген құқықтары мен міндеттерін кедергісіз және әсерлі түрде іске асыру үшін жағдайлар жасалады.
Тармақ 10
10. Облыстық мәслихат өзінің қызметін сессиясында бекітілген перспективалық жоспарына сәйкес жүргізеді.
Тарау 3. 3 тарау. Облыстық мәслихаттың құзыреті
3 тарау. Облыстық мәслихаттың құзыреті
Тармақ 11
11. Облыстық мәслихаттың құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Тармақша 2
2) облыстың аумағында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ облыстық қоршаған ортаны Қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 3
3) облыстың әкімінің ұсынуы бойынша ауданды басқару схемасын бекіту;
Тармақша 4
4) өзінің қарауына жатқызылған облыстық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
Тармақша 5
5) облыс әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен облыстық әкімдіктің дербес құрамын келісу;
Тармақша 6
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының әкімшілік, құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
Тармақша 9
9) облыстық дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, облыстық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
Тармақша 10
10) облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, облыстық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 11
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
Тармақша 12
12) облыс әкімінің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша дербес құрамын бекіту;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен өкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 12
12. Облыстық мәслихат құзыретіне, сондай-ақ облыс аумағында орналасқан қала, ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту де жатады.
Тармақ 13
13. Облыстық мәслихат облыстық әкімдіктің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қарыз алу туралы шешімдер қабылдауға құқылы.
Тарау 4. 4 тарау. Облыстық мәслихаттың актілері
4 тарау. Облыстық мәслихаттың актілері
Тармақ 14
14. Облыстық мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері облыстық мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 15
15. Облыстық мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары облыс әкімінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Облыстық мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол облыс аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 17
17. Облыстық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Ақмола облысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 18
18. Облыстық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін облыстық мәслихаттың өзі жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тарау 5. 5 тарау. Облыстық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
5 тарау. Облыстық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 19
19. Облыстық мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, облыстық мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпті жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Облыстық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі. Егер облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, облыстық мәслихат сессиясы заңды болады.
Тармақ 21
21. Облыстық мәслихат:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихат сессиясының төрағасын, облыстық мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
Тармақша 3
3) облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актілерін бекітеді;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде облыстық мәслихат аппаратының құрылымымен бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті аудандық мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, яғни 3 мемлекеттік қызметкерден кем болмау керек.
Тармақша 5
5) облыстық мәслихаттың регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.
Тарау 6. 6 тарау. Облыстық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
6 тарау. Облыстық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
Тармақ 22
22. Жаңадан сайланған мәслихатының бірінші сессиясын облыстық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 23
23. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны облыстық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 24
24. Облыстық мәслихат хатшысы облыстық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және аудан әкіміне - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Облыстық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және облыс әкіміне - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 25
25. Облыстық мәслихат қарайтын мәселелерді сессия төрағасы, тұрақты немесе басқа комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар, аудан әкімі ұсынады.
Тармақ 26
26. Сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар сессия төрағасына төменге тұрған мәслихаттардан, жоғары тұрған үкімет және басқару органдарынан, қоғамдық бірлестіктерден келіп түседі.
Тармақ 27
27. Келіп түскен ұсыныстар күн тәртібіне сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауыс беруі арқылы енгізіледі.
Тарау 7. 7 тарау. Облыстық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
7 тарау. Облыстық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
Тармақ 28
28. Облыстық мәслихат жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 29
29. Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және облыстық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі облыстық мәслихат сессиясын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 30
30. Егер облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Тармақ 31
31. Шешімдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 32
32. Облыстық мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Сессия жұмысында облыстық мәслихат шешімі бойынша облыстық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Мәжілістердің басталу және аяқталу уақыты төрағаның ұсынысы бойынша сессияда белгіленеді.
Сессияда баяндама жасау үшін уақыт 1 сағатқа дейін, қосымша баяндама жасау үшін 20 минутқа дейін беріледі. Сессиясының күн тәртібінде белгіленген мәселені талқылау барысындағы жарыссөзге қатысу үшін 10 минут, жарыссөзге бір рет қайта қатысу үшін және шешімнің кейбір тармақтарын талқылау кезінде сөз сөйлеу үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі. Кандидатуралар, мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері бойынша, сөз сөйлеу, мәлімдемелер, сауалдар, ұсыныстар, хабарламалар мен анықтамалар жасау үшін, сұрақтар қою үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Депутаттардың көпшілігінің қолдауы бойынша төрағалық етуші сөз сөйлеу берілген уақытты ұзарта алады.
Депутаттық сауалға жауап беру үшін 10 минутқа дейін, сұраққа жауап беру үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 35
35. Жарыссөзге қатысу үшін сөз алу туралы өтініш төрағалық етушіге беріледі.
Облыстық мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сөйлейді.
Төрағалық етуші жарыссөзге қатысу мүмкіндігін өтініштердің түсу ретіне қарай береді. Төрағалық етуші себебін түсіндіре отырып, қажет болған жағдайда сөйлеу кезегінің ретін өзгерте алады.
Сессияны жүргізу тәртібі, анықтама, сұрақтарға жауап беру және түсініктеме беру жөніндегі сөзді төрағалық етуші кезектен тыс бере алады.
Баяндамашыларға сұрақ жазба түрінде жіберіледі немесе орыннан ауызша қойылады.
Сессия төрағасы, облыс әкімі, не оның орнындағы адам, облыстық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз алып сөйлеуге құқығы бар.
Сессияда сөйлеуші дөрекі, әдепсіз сөздерді қолданбауы керек. Олай болған жағдайда, төрағалық етуші ескерту жасауға құқылы.
Егер кімде-кім, төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөз сөйлейтін болса, микрофон ескертусіз өшірілуі мүмкін.
Егер сөз алған адам талқыланып отырған тақырыптан ауытқып кетсе, төрағалық етуші ескерту жасай алады.
Егер сөз сөйлеуші өзіне берілген уақыттан көп сөйлесе, немесе тақырыптан ауытқып кетсе, сөз барысында дөрекілік танытса, төрағалық етуші ондай адамды бір рет ескерту жасағаннан кейін сөз сөйлеу құқынан айырады.
Тармақ 36
36. Облыстық мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының немесе облыстық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.
Тармақ 37
37. Облыс әкімі немесе оның орнындағы адам облыстық мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжілістеріне, соның ішінде жабық мәжілістеріне қатысуға құқылы. Сессия өтіп жатқан кезде төралқада сессия төрағасынан басқа мәслихаттың хатшысы, облыс әкімі немесе оның орнындағы адам отырады. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың шешімі бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 38
38. Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары облыстық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін облыстық мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 39
39. Жарыссөз сессия төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тоқтатылады.
Тармақ 40
40. Жарыссөздің аяқталуына байланысты айтылмай қалғандар, депутаттардың өтініші бойынша, сессияның төралқасына тапсырылып, мәтіндері сессия материалдарына енгізіледі.
Тарау 8. 8 тарау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі
8 тарау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі
Тармақ 41
41. Облыстық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құруды қажет болған жағдайда, облыстық мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 42
42. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын облыстық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан облыстық мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссияларды сайлау сессия шешімі бойынша комиссия құрамы бойынша тұтас немесе әр кандидатураға жеке дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Тұрақты комиссиялар облыстық мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тарау 9. 9 тарау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар
9 тарау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар
Тармақ 44
44. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе облыстық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Тармақ 45
45. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тарау 10. 10 тарау. Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі
10 тарау. Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ облыстық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша облыстық мәслихат сессиясының төрағасына, хатшысына ұсыныс енгізуге.
Тармақша 2
2) Өздерінің құзырына жататын әрі облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) Өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға.
Тармақша 4
4) Өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы облыстық мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына облыстық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 47
47. Әкімдік, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпке тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 48
48. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Тарау 11. 11 тарау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
11 тарау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 50
50. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комитеттің төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 51
51. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тарау 12. 12 тарау. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы
12 тарау. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 52
52. Облыстық мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне облыстық мәслихат тексеру комиссиясының, тексеру комиссиясының төрағасын облыстық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын облыстық мәслихат белгілейді.
Тармақ 53
53. Тексеру комиссиясының төрағасын облыстық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 54
54. Тексеру комиссиясының жұмысына облыстық мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тармақ 55
55. Тексерулер аудандық мәслихаттың, тексеру комиссиясының облыстық мәслихат хатшысының шешімдерімен, облыстық мәслихат депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы облыстық мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 56
56. Облыстық мәслихат депутаты басқа жұмыстан босатылған негізде тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланған жағдайда, оған облыстық мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді.
Тарау 13. 13. Облыстық мәслихаттың уақытша комиссиялары
13. Облыстық мәслихаттың уақытша комиссиялары
Тармақ 57
57. Облыстық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында облыстық мәслихат не облыстық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Тармақ 58
58. Облыстық мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Тармақ 59
59. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тарау 14. 14. Облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
14. Облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 60
60. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау-сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 61
61. Облыстық мәслихаттың хатшысы өз өкімімен депутаттардан және мәслихат аппаратынан бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларын құру жөніндегі хабарды жариялауға кемінде үш күн қалғанда сайлау комиссияларының құрамын көру жөніндегі Жұмыс тобын құрады.
Облыстық мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссиялардың құрамына кандидатуралар туралы келіп түскен ұсыныстарды жинаумен және айналысады. Әр саяси партия сәйкес сайлау комиссияларының құрамына тек бір ғана өкілін енгізе алады. Саяси партиялар, сандай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері тиісті сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатуралар ұсынуға құқылы. Жұмыс тобына саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, жоғары тұрған комиссиялармен ұсынылатын құжаттар тізбесіне:
Тармақша 1
1) Әділет органдарында саяси партияны немесе басқа да қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) Кандидатты тиісті сайлау комиссиясы құрамына ұсыну туралы саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысының хаттамасынан үзінді;
жоғарғы сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;
Тармақша 3
3) Облыстық мәслихатқа кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініші және кандидаттың өмірбаян деректері енеді.
Тармақ 62
62. Сайлау комиссияларының құрамдарының жобасын дайындауда Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, ұсыныстардың 7 мүшеден кем болған жағдайында басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатураларын есепке алады.
Тармақ 63
63. Жаңа сайлау комиссияларының құрамдарына ұсыныстардың түсу мерзімі аяқталғанда, Жұмыс тобы сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау жөніндегі бюллетеньдер мен сессия шешімінің жобаларын дайындайды.
Тармақ 64
64. Шешімдер мен бюллетеньдердің жобалары бөлек дайындалады:
Тармақша 1
1) облыстық сайлау комиссия бойынша;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихатқа депутат сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссия бойынша.
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссия бойынша
Тармақ 65
65. Саяси партиялардың басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының сайлау комиссияларының құрамдарына ұсынылған барлық кандидатуралар Жұмыс тобының арнайы журналына келіп түскен және тіркелінген кезек ретімен бюллетеньдер және шешімдер жобаларына енеді.
Тармақ 66
66. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар көрсетілген бюллетеньдері сессияға қатысушы облыстық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке толтырады. Дауысқа салудың қорытындысын сессияда бекітілген Санақ комиссиясы жүргізеді. Санақ комиссиясының сандық құрамы, төрағасы мәслихаттың сессиясымен анықталады. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілік дауысын алған комиссия мүшелері сайланды деп есептелінеді.
Тармақ 67
67. Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің ұсынысына тең (жеті) ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан артық (жетіден аса) ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясында осы сайлау комиссиясының сайлауын рейтингілік дауысқа салуды ұсынады.
Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жетіден аз) жетпейтін ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы бюллетеньдегі бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктерден түскен, ал ондай кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссиясының кандидатураларын енгізеді (түсу ретіне сәйкес). Бос орындардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда уақытша комиссия сессияға осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орындардың санынан артық ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды, ал бос орындарға рейтингілік дауысқа салуды өткізуді ұсынады.
Егер сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс беруде ұсынылған кандидатуралардың саны жетіге сәйкес келіп, мәслихаттың депутаттары нақты кандидатураға қарсылықтарын білдірсе, онда сол саяси партия не қоғамдық бірлестіктің басқа кандидатурасымен ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық өткізбеу ұсынылады.
Тармақ 68
68. Бюллетеньге осы кандидатураның қай саяси партиядан (басқа да қоғамдық бірлестіктен, жоғары тұрған сайлау комиссиясынан) енгізілгенін, үміткерлердің фамилиясы, аты, әкесінің аты көрсетілетін деректер кіреді. Кандидатуралар фамилияларының он жағында депутаттар белгі қоятын шаршылар бейнеленеді. Депутаттар жеті шаршыда белгі қояды.
Тармақ 69
69. Дауысқа салудың қорытындысын мәслихаттың сессиясында Санақ комиссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 70
70. Санақ комиссиясының төрағасы комиссия төрағаларын, олардың орынбасарлары мен хатшыларын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларының ұйымдастыру отырыстарының өткізілу мерзімдерін (құрылғаннан кейін жеті күннен аспауы керек) хабарлайды. Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастыру отырысын өткізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабарлайды.
Бұл комиссия мүшесін белгілейді. Депутаттар дауыстарының тең жағдайында ол кандидатура бюллетеньде тұрған орны бойынша анықталады.
Тармақ 71
71. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»«Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес мәслихаттың хатшысы сәйкес сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді. Материалдар басылымның бір санында қосымшасымен бірге орналасуы керек.
Тармақ 72
72. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңында ескерілген жағдайларда мәслихат сәйкес сайлау комиссиясының мүшесін босату және шыққанның орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Босатылған лауазымға өкілдері осы сайлау комиссиясында жоқ саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Тармақ 73
73. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың сессиясында сайлай комиссияларын сайлағанда:
Тармақша 1
1) сайлау комиссияларының құрамы бір ұйымның қызметкерлерінен құрылуына жол берілмеуі керек;
Тармақша 2
2) міндетті түрде сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруы ескерілуі қажет.
Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарына кандидаттар, олардың сенімді тұлғалары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, кандидаттардың жұбайлары және жақын туыстары, сонымен қатар кандидаттардың тікелей қарамағындағы жұмыскерлер сайлау комиссиясының мүшелері бола алмайды.
Тарау 15. 15 тарау. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
15 тарау. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 74
74. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасын облыстық мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Тармақ 75
75. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 76
76. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы облыстық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат облыстық хатшысы жүзеге асырады.
Облыстық мәслихат депутаты облыстық мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 77
77. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, облыстық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 78
78. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 79
79. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бүлінген жағдайда, облыстық мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тарау 16. 16 тарау. Облыстық мәслихаттың хатшысы
16 тарау. Облыстық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 80
80. Облыстық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны облыстық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Облыстық мәслихаттың хатшысы облыстық мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Тармақ 81
81. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
Тармақ 82
82. Ашық дауысқа салу кезіндегі дауыс санын санауды құрамын сессия белгілеген санақ комиссиясы жүргізеді.
Ашық дауысқа салар алдында төрағалық етуші дауысқа түсетін ұсыныстар санын көрсетеді, олардың дұрыс құрастырылуын қарайды.
Бір мәселе бойынша әр депутат бір-ақ рет қолдап, не қарсы дауыс береді, не қалыс қалады.
Төрағалық етуші дауыстарды санау аяқталған соң, дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстың қабылданғаны, не қабылданбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды.
Тармақ 83
83. Жасырын дауыс беруді ұйымдастыру және оның нәтижелерін анықтау үшін ашық дауысқа салу арқылы депутаттар қатарының санақ комиссиясы сайланады. Оның құрамына мәслихат хатшылығына кандидат депутаттар кіре алмайды.
Санақ комиссиясы қарамағындағы депутаттардан комиссия төрағасы және хатшысы сайланады. Санақ комиссиясының шешімдері мүшелерінің көпшілік дауысы негізінде қабылданады.
Бюллетеньдер есептеу комиссиясының бақылауымен, ол белгілеген формада және белгілі санмен жасалып шығарылады.
Дауыс беру уақытын, жүргізу тәртібін санақ комиссиясы белгілейді де төрағасы хабарлайды.
Жасырын дауыс беру бюллетеньдерін санақ комиссиясының мүшелері депутаттарға тізім және аудандық мәслихаттың депутаты екендігі туралы куәлігі, төлқұжаты немесе жеке басының куәлігі бойынша береді.
Бюллетеньдерді толтыру жасырын дауыс беру кабинасында дауысын беретін кандидаттың тұсына крест, қанат белгілерінің бірін қою немесе иә деп жазу арқылы өтеді.
Белгіленген үлгіге сай келмейтін, сондай-ақ депутаттың өз еркін білдіруін анықтау мүмкін болмаған жағдайда бюллетеньдер жарамсыз деп саналады.
Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша хаттама толтырады, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Дауыс санын есептеу аяқталған соң, төрағалық етуші дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстың қабылданғаны, не қабылданбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды.
Тармақ 84
84. Мәслихаттың хатшысы сайлаудың төмендегідей тәртібі белгілейді:
Жалғыз кандидат ұсынылған жағдайда
Кандидат депутаттар жалпы санының көпшілік даусына ие болуы керек.
Екі кандидат ұсынылған жағдайда
Депутаттар жалпы санының көпшілік дауысына ие болған кандидат сайланды деп есептеледі.
Екіден көп кандидат ұсынылған жағдайда
Егер бірде-бір кандидат көпшілік дауыс жинай алмаса, онда аудандық мәслихат көбірек дауыс жинаған екі кандидат бойынша қайта сайлау белгілейді. Қайта дауыс беруде депутаттар жалпы санының көпшілік дауысын алған депутат сайланды деп есептелінеді.
Тармақ 85
85. Облыстық мәслихат хатшысы лауазымды қызметін ауырғаны себепті міндеттерін атқара алмағанда, өзі бергенде және басқа да себептерге байланысты аудандық мәслихат сессиясында ашық не жабық облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен мерзімінен бұрын босатылады.
Тармақ 86
86. Облыстық мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттық топтарының қызметін үйлестіріп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.
Тармақ 87
87. Облыстық мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) облыстық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар облыстық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) облыстық мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда облыстық мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) облыстық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) облыстық мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 88
88. Облыстық мәслихат хатшысының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 89
89. Облыстық мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тармақ 90
90. Облыстық мәслихат депутаты тұрақты негізде аудандық мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған облыс әкімінің орынбасары үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді.
Тарау 17. 17. Облыстық мәслихат депутаты
17. Облыстық мәслихат депутаты
Тармақ 91
91. Облыстық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, аудан халқының еркін білдіреді.
Тармақ 92
92. Облыстық мәслихат депутатының өкілеттігі аудан сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, облыстық мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 93
93. Облыстық мәслихат депутатының өкілеттігі мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
Тармақша 2
2) депутатты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 3
3) облыстық мәслихаттың өкілеттігі тоқтатылса;
Тармақша 4
4) депутат қайтыс болса;
Тармақша 5
5) Ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
Тармақша 6
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 7
7) аудан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
Тармақша 8
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты
Тармақша 9
9) депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 94
94. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім облыстық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен облыстық мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 95
95. Облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы облыстық мәслихат сессиясының төрағасына, облыстық мәслихат хатшысына облыс әкіміне, облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына облыстық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы.
Сауал сессияға жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі. Жазбаша түрде енгізілген сауал жария етілуге тиіс. Сауал берілген мемлекеттік орган, лауазымды адам облыстық мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап түскен күннен бастап 30 күннің, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтін өтініштер бойынша - 10 күннің ішінде беріледі.
Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда бұл мерзімдерді аудандық мәслихат ұзартуы мүмкін, ол туралы облыстық мәслихаттың депутатына хабарланады.
Қажет болған жағдайда сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелері бойынша облыстық мәслихат шешім қабылдайды.
Тарау 18. 18 тарау. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері
18 тарау. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 96
96. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және облыстық мәслихат сессиясының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, облыстық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) облыстық мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға облыстық мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
Тармақша 5
5) облыстық мәслихат сессиясында облыс аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының облыстық мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) облыстық әкімдіктің отырыстарының жұмысын қатысуға;
Тармақша 7
7) облыстық мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 8
8) белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Тармақша 9
9) заңдарда және облыстық мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 97
97. Депутат:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.
Тармақ 98
98. Облыстық мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі.
Тарау 19. 19 тарау. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
19 тарау. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
Тармақ 99
99. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау 20. 20 тарау. Облыстық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
20 тарау. Облыстық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
Тармақ 100
100. Облыстық мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
Тармақ 101
101. Облыстық мәслихат өкілеттігін мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
Тармақша 2
2) егер жаңадан сайланған аудандық мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
Тармақша 3
3) қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
Тармақша 4
4) облыстық мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса;
Тармақша 5
5) облыстық бюджетті аудандық дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген облыстық әкімдікпен арада ескерілмейтін келіспеушіліктер болса;
Тармақша 6
6) облысты басқару схемасын екі бекітпеумен білдірілген өкіммен арада ескерілмейтін келіспеушіліктер болса.
Тарау 21. 21 тарау. Мәслихаттың облыс әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі
21 тарау. Мәслихаттың облыс әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі
Тармақ 102
102. Мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Тармақ 103
103. Әкімі ұсынған аудандық дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді аудандық мәслихаттың екі рет бекітпеуі облыстық мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
Тарау 22. 22 тарау. Облыстық мәслихат аппараты
22 тарау. Облыстық мәслихат аппараты
Тармақ 104
104. Облыстық мәслихат аппараты облыстық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Тармақ 105
105. Облыстық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 106
106. Облыстық мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, облыстық мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, облыстық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
Тармақ 107
107. Облыстық мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 108
108. Облыстық мәслихат аппаратының жұмысы облыстық мәслихаттың хатшысы бекіткен ереже негізінде жүргізіледі.