Құжат мәтініне өту

О мероприятиях по недопущению заболевания животных и людей бешенством

Қаулы · № 10/04 · қабылданған 17.05.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20152/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О мероприятиях по недопущению заболевания животных и людей бешенством Күшін жойған Қаулы ·№ 10/04 ·17.05.2004
19.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мероприятиях по недопущению заболевания животных и людей бешенством

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/04 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мероприятиях по недопущению заболевания животных и людей бешенством
Атауы (қаз.)
Адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/04
Қабылданған күні
17.05.2004
Көрсетілген редакция
19.01.2016 20152_54529.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04K0001548
ЭКБ идентификаторы
20152
Редакция идентификаторы
20152_54529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:07

0 Адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы
N 361
, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы
N 148
, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы
N 111
Заңдарына сәйкес және адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруының алдын алу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын одан әрі мақсатты түрде жүргізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалалар мен аудандар әкімдері коммуналдық қызметтермен бірлесе отырып иесіз иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыруды, елді мекендердің аумақтарын, қоқысқа, басқа да қалдық заттарға, үйінділерге арналған алаңшаларды тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз етсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (К.М. Шушиков - келісім бойынша):

1 1) санитарлық-ветеринарлық шаралардың уақытында және мақсатты жүргізілуі үшін ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың арасында анықталған барлық құтырма ошақтарын есепке алуды қамтамасыз етсін;

2 2) ауыл шаруашылығы және үй жануарларына құтырмаға қарсы алдын ала егудің жүргізілуіне, оларды толық есепке алуды (паспортизациялау) қамтамасыз етуге бақылау қойсын;

3 3) анықталған ауру ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралардың шұғыл орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (К.К. Ермекбаев):

1 1) барлық зардап шеккендерге ауру белгілері болған жағдайда құтырмаға қарсы емдеу-алдын ала егулердің уақытында жүргізілуін қамтамасыз етсін;

2 2) медицина қызметкерлерінің құтырма ауруының клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша теориялық және практикалық дайындығын жүргізуді ұйымдастырсын.

4 4. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (С.Т. Сәтеков):

1 1) облыстың барлық емдеу-алдын алу мекемелерін антирабикалық екпелер мен иммунды глобулиндермен қажетті көлемде қамтамасыз етсін;

2 2) антирабикалық егулердің уақытында және негізделіп тағайындалуына бақылау қойсын;

3 3) ветеринарлық қызметпен бірлесе отырып адамдарды ит қапқан және жануарлармен жанасқан жағдайды анықтау мақсатында зардап шеккендердің әрбір жағдайына эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізсін;

4 4) емдеу-алдын алу мекемелері мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларына құтырманың алдын алу және диагностика мәселелері жөнінде ұйымдық-әдістемелік көмек көрсетсін;

5 5) облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып құтырма ауруының алдын алу мақсатында тұрғын халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізсін.

5 5. Аталмыш қаулының орындалуы туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына жартыжылдықта бір рет 5 шілде және 5 қаңтар қарсаңында ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.

Қолданыстағы